Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Маңғыстау ауылына интернет желісі тартылуда

16 рет көрсетілді

Қарақия ауданына қарасты Маңғыстау елді мекенінде бірнеше үйге талшықты оптикалық интернет желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Құрық ауылының әкімі Ғабит Салихов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz 

Оның айтуынша, бұған жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлініп, жоғары жылдамдықты талшықты оптикалық интернет желісін тарту жұмыстары жүріп жатыр.

– Бұл елді мекен аудан орталығы Құрық ауылынан 6 шақырым қашықтықта орналасқан. 114 тұрғын үйі бар ауылдың халық саны 524 адамды құрайды. 26 тұрғын үй интернет желісіне толықтай қосылған. Интернет желісін қондыруға 40-тан астам тұрғын өтініш білдірді. Жоспар бойынша 15 күн ішінде елді мекенді интернет желісімен қамтамасыз ету қажеттілігі орындалды. Ендігі кезекте мектеп оқушылары онлайн сабақтарын кедергісіз оқитын болады, – деді ауыл әкімі Ғабит Салихов.

Айта кетейік, Маңғыстау елді мекеніне интернет желісін тарту жұмыстары аяқталғаннан кейін, Құрық ауылынан 11 шақырым қашықтықта орналасқан станция Ералы елді мекеніне талшықты оптикалық интернет желісін тарту жұмыстары басталатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар