Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Алматыда бірқатар ғимарат жылусыз қалды

4 рет көрсетілді

Алматының Медеу ауданындағы кейбір ғимараттарда жылу желілерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты жылу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz "Алматы жылу желілері" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жолдасбеков – Назарбаев – Чайкина – Тәттімбет көшелерінің шаршысындағы ғимараттарға жылу беру уақытша тоқтатылды. Уақытша қолайсыздықтар жылу желілерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты туындап отыр. Тұрғындардан түсінікпен қарауын өтінеміз", - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар