Саясат • 23 Қазан, 2020

«А» корпусы аудиторияға оралады

11 рет көрсетілді

Қазақстанда қоғам қажеттілігін бас­ты назарға қоятын мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін «А» кор­пусының мемлекеттік қызмет­шілері қайта оқытылатын болды.

Бұл жұмысты Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өз мойнына алды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Академияда «А» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне арналған қайта даярлау курстарының ашылу салтанатындағы алғы сөзінде бұл қадамның кәсіби, бәсе­кеге қабілетті басшыларды даярлауға бағыт­талғанын атап өтті. «Аталған курс Қазақ­станның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың қоғам қажеттіліктеріне баса назар аударатын, заманауи мемлекеттік аппараттың талаптарына жауап беретін басшыларды даярлау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында жүргізіліп жатыр», деді А.Жаилғанова. Сондай-ақ ведомство басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «саяси көшбасшылар саясатты қалыптастырады, кәсіби мемлекеттік қызметкерлер оның орындалуын қамтамасыз етеді» деген сөзін баса айтты.

Курсты Мемлекеттік басқару академия­сы мен Назарбаев Университеті бірлесе ұйым­дастырып отырғанын айта кеткен жөн.

«А» корпусы – бұл саяси басшылық пен орындаушылық буын арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етуге арналған кәсіби басқарушылық буын. Бағдарламаға мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешім қабылдау жүйесі тәсілдерін және басқа да бірқатар басым мәселелерді өзгерту бойынша алдына маңызды міндеттер қойылған тәжірибелі, қалыптасқан ірі құрылымдардың басшылары қатысады.

Стратегиялық көшбасшылық, өзгеріс­тер­ді басқару және тиімді коммуникациялар сияқты дағдылар Президенттің Жол­дауында айтылған міндеттерді жедел және сапалы шешуге көмектеспек. Сон­дай-ақ мамандардың біліктілігін арттыру елдегі экономикалық өсу қарқынын қалпы­на келтіру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру жұмысында да өте өзекті болып отыр.

«Мемлекеттік басқару мен қоғамдық дамудағы жүйелі өзгерістердің қазіргі заманғы трендтері мен жоғары қарқыны ел­дің стратегиялық міндеттерін тиімді шешу үшін инновациялық және инклюзивті ой­лау қабілеті бар басшылардың жаңа буы­нын қалыптастыруды талап етеді», деп қо­ры­тындылады А.Жаилғанова.

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар