Қоғам • 23 Қазан, 2020

«ЭкоАсар» марафоны: аз қамтылған отбасы балаларына ноутбук сыйлады

9 рет көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында «ЭкоАсар» экологиялық марафонының қорытындысы шығарылды. Елордалық оқушылар мен балдырғандар қайырымдылық үшін 40 тонна қайталама шикізат тапсырды.

ӨКМ операторы үш аптаның ішінде қатты тұрмыстық қал­дық­тарды бөлек жинау тақы­рыбында білім беру мекеме­леріне 2 383 экологиялық са­бақ ұйым­дастырды. Оған 140 мың­­нан астам бала қатыс­ты. Мен­­торлар 2 148 еріктіні эко­ло­гия­лық мәдениет негізінде қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қор­ша­ған ортаны қорғау бойынша оқыт­ты.

Сонымен қатар «ЭкоАсар» аясында мектептер мен бала­­бақ-

шалар қалдықтарды қайта өң­деуге тапсыруға қатысты. Эко­логиялық әрі қайырымдылық марафонына елордалық 80 бі­лім беру мекемесі белсенді түр­де атсалысты. Нәтижесінде жи­нал­ған 36 965 кило қайталама ши­кізаттан 1 млн 33 мың теңге қа­ражат түсті.

Осы ақшаға аз қамтылған отбасы балаларына 6 ноутбук сатып алынды және қараусыз жануарларға 1200 килограмнан астам азық жеткізілді. Сондай-ақ «ЭкоАсарды» қол­да­ған компаниялар қосым­ша 6 ноутбук сатып алды. Ба­лаларға барлығы 12 дана ком­­пьютерлік техника табыс­талды.

Экологиялық акцияның қо­ры­тындысы бойынша қай­талама шикізат жинауда үздік нәтиже көрсеткен мектептер марапатталды. Мәселен, №54 мектеп – 3 тонна 280 кило, №85 мектеп 3 тонна 172 кило, №59 мектеп 2 тонна 640 кило қаптама қалдығын қайта өңдеуге тапсыр­ды. Жеңімпаз мектептерге тамшылатып суаруды ұйымдастыруға арналған сертификаттар берілді.

1

Жобаны ӨКМ операторы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен білім беруді жаңғырту орталығы және «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйым­дастырды.

«ЭкоАсар» акциясына Clean city NC ЖШС, Eco-KZ ЖК, Smart Rubber ЖШС, «Ресайклинг ТК» ЖШС қол­дау білдірді. Игі бастамаға «Тех­нодом» компаниясы мен Energy Partner ЖШС серіктес болды.

«ЭкоАсар» экологиялық марафонының эстафетасы Семей қаласына табысталды. Енді семейлік балабақшалар мен мектеп және колледж оқушылары қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды жинауды бастайды. Шикізатты тапсырудан түскен қаражатқа олар көзі нашар көретін балаларға арналған интернатқа арнайы жарық жабдығын сатып алуды, сондай-ақ көп балалы отбасыларын азық-түлікпен қолдауды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар