Футбол • 23 Қазан, 2020

«Шахтёр» жігіттері жарады

6 рет көрсетілді

Футболдан чемпиондар лигасының екінші күнгі топтық кезеңінің ойындары көпшілік күткендей тартысты әрі қызықты оқиғаларға толы болды.

А тобында өнер көрсететін турнирдің қазіргі чемпионы – «Бавария» өз алаңында Мадридтің «Атлетикосын» 4:0 есебімен жеңіп, топта жеке-дара көш бастады. Өйткені екінші ойында «Зальцбург» пен «Локомотив» 2:2 нәтижесімен тең түсті. Турдағы басты сенсация В тобында тіркелді. Қайбір жылы «қос құлақты» кубокты үш жыл қатарынан жеңіп алған «Реал» Испа­нияда күтпеген жерде Украинаның «Шах­тёр» клубынан жеңіліп қалды. Ал «Интер» Мёнхенгладбахтың «Боруссиясын» қабыл­дап, соңғы минутта соғылған голдың нәтижесінде тең есепке қол жеткізді.

С тобында «Манчестер Сити» «Порту» клу­бынан 3:1 есебімен басым түссе, топтағы екінші ойында «Олимпиакос» төреші қосқан қосымша минутта гол соғып, «Марсельді» жеңіп кетті. D тобын­дағы кездесулерде «Ливерпуль» мен «Ата­ланта» үш ұпайға қол жеткізді. Ағыл­шын­дар Амстердамда «Аяксті» 1:0 есебімен ұтса, «Аталанта» Данияда «Мид­тьюлланд» қақпасына жауапсыз төрт гол соқты.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар