Спорт • 23 Қазан, 2020

Бір саты төмен сырғыдық

9 рет көрсетілді

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайтында футболдан ұлттық құрамалардың қазан айы­на арналған рейтингі жарияланды. Жа­ңар­ған рейтингте Қазақстан бір са­ты төмендеп, 119-орынға тұрақтады.

Жалпы өткен айдағы рейтингпен салыс­тырар болсақ, көш басындағы құрамаларда анау айтқандай өзгеріс жоқ. Бірінші орында әдет­тегідей 1765 ұпаймен Бельгия құрама­сы. 2018 жылғы әлем чемпионы – Фран­ция (1752) екінші орында, Бра­зи­лия (1725) – үздік үштікте.

Айта кетейік, осы айда Михал Билек шәкірт­тері Ұлттар лигасы аясында екі ойын өт­кізген болатын. Алматыда өткен ойын­да Албаниямен тең түссе (0:0), сырт алаң­дағы кездесуде Бе­ларусь құрамасынан 2:0 есе­бімен жеңілді.

 

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар