Саясат • 23 Қазан, 2020

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Парламент және мәслихаттарға кезекті сайлаудың жариялануына қатысты мәлімдемесі

74 рет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтетіні жайлы жарлығын жариялады. «Ауыл» партиясы Президенттің бұл шешімін құптайды.

Бұл қазіргі кезеңдегі коронавирус пандемиясына қарамастан еліміздің барлық азаматтарына Конституцияда көрсетілген сайлау құқын пайдалануға мүмкіндік беретін дұрыс шешім. Сайлау – кез келген мемлекеттің демократиялық дамуының ажырамас бөлігі.

Конституциялық мерзімде өткізілетін бұл сайлау әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастырылуы, парламенттік оппозиция институтының енгізілуі, сондай-ақ мәслихат депутаттарының партиялық тізіммен сайлануы сияқты белгілі бір жаңашылдықтарымен ерекшеленбек. Біз, ел тұрғындарының ауқымды бөлігінің мүддесін арқалаған партия ретінде, аталмыш өзгерістер халқымыздың саяси партиялар институтына деген сенімін арттыра түседі деп есептейміз.

Сондай-ақ осы жолғы сайлау көппартиялық парламенттің қалыптасуына себепкер болып, қоғамның жаңаруға деген сұранысын қанағаттандырады деп ойлаймыз.

Көппартиялық Парламент – қазіргі заманның талабы, Қазақстандағы саяси жаңғырудың жаңа кезеңі.

Саяси партиялар арасындағы әділ бәсекелестік пен сайлау үдерісі мен дауыстарды санаудағы ашықтық қана Қазақ­станның одан әрі дамуының кепілі бола алады деп есептейміз.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық  партиясының Саяси кеңес президиумы

 

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар