Қоғам • 23 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда балаларға арналған үйірмелер мен секциялары бар екі орталық ашылды

13 рет көрсетілді

Биыл Нұр-Сұлтанда оқушыларға арналған қосымша білім беретін екі нысан ашылды. Аталған орталықтар 900 баланы үйірмелермен және спорт секцияларымен қамтиды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Арқа ALAN" ұлттық спорт түрлері орталығында балалар тегін қазақ күресі, асық ату, бес асық, тоғыз құмалақ және шахмат спорт секцияларымен айналысып, 600-ге жуық бала қатыса алады. Екіншісі - Аrt Tumar сәндік-қолданбалы өнер орталығы. Ол жерде тоқуды, зергерлік өнерді, ағашты көркемдеп өңдеуді, құрақ тігуді, кесте тігуді және тері мен сазды өңдеуді үйретеді. Орталыққа 300-ге жуық бала қатыса алады", - деп хабарлады Шолпан Қадырова.

Екі нысан да сол жағалауда, жағалау шағын ауданда орналасқан.

Күрделі жөндеуден кейін балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы өз жұмысын бастады.

"Техникалық бағыттағы үйірмелер өскелең ұрпақ арасында үлкен қызығушылыққа ие. Сондықтан 250-ден астам баланы қамтитын техникалық шығармашылық орталық ашылады. Орталықтың филиалы Железнодорожный елді-мекенінде, Жамбыл Жабаев көшесі, 27 мекенжайы бойынша жеке ғимаратта орналасады", – деді Білім басқармасының басшысы.

Сондай-ақ, елордада оқушылар арасында ұлттық ойындар мен ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған Altyn Urpaq жобасы іске қосылды. Жоба елордалық 80 мектепте жүзеге асырылып, 5340 баланы қамтыды. Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін № 90 орта мектеп базасында тағы екі филиал мен бір комьюнити-орталық ашу жоспарлануда.

Карантин шараларының күшеюіне байланысты жалпы білім беретін мектептерде орналасқан қосымша білім беру ұйымдары филиалдарының жұмысы тоқтатылды. Алайда, 10-нан астам бала айналысатын үйірмелер топтары өз жұмысын жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Бүгін, 20:30

Ауылда амбулатория ашылды

Аймақтар • Бүгін, 19:11

Шымкентте Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:25

Ұқсас жаңалықтар