Аймақтар • 23 Қазан, 2020

Сырда күріштен рекордтық өнім жиналды

30 рет көрсетілді

Биыл облыс бойынша 184,2 мың гектар жерге егiс егілді. Оның ішінде дәндi дақылдар 99,9 мың, майлы дақылдар 5,7 мың, мал азықтық дақылдар 61 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың гектар болып отыр. Негізгі дақыл күрiш 89,5 мың гектарға егілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Сонымен қатар, осы жылы облыста егісті әртараптандыру бағытында алғаш рет қант құмайы 70, соя 240, жүгері дақылы 1 667 гектарға дейін жеткізіліп, ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар тәлімдік жерлерге күздік бидай себілді.

Жалпы облыс шаруашылық құрылымдары егілген ауылшаруашылығы дақылдарын агротехникалық талаптарға сай егіп, күтіп - баптау жұмыстарын өз мерзімінде жүргізді. Аймақтағы егін жинау науқаны 15 қазан күні толық аяқталды.

Сыр диқандары жазда болған су тапшылығына қарамастан тынымсыз еңбегінің нәтижесінде ел тарихында күріш өндіруден рекордтық көрсеткішті биыл тағы да жаңартып, жоғары өнім жинады.  Егілген 89,5 мың гектар күріштің әр гектарынан 61,8 центнерден өнім алынып, ел қамбасына 551,3 мың тонна Сыр маржаны құйылды.

Сонымен қатар, картоптан 66 590, көкөністен 112 806, бақшадан 193 484 өнім жиналды.  

 

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

«Теңізшевройлдан» – 825 көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Ұқсас жаңалықтар