Аймақтар • 23 Қазан, 2020

Алматыда 511 автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

195 рет көрсетілді

Алматыда 511 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы қаласында 21-23 қазан аралығында "Автобус" жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Қазір полиция автокөліктік кәсіпорындары мен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлердің, азаматтарды тасымалдау қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеруде.

Қаладағы автобустардың техникалық жағдайына және балаларды тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің жол ережелерін сақтауына ерекше назар аударылады.

Рейдке 1694 полиция қызметкері жұмылдырылған. Оның 1448-і – патрульдік полиция қызметкері, 210 – учаскелік полиция инспекторы, 36 – ішкі істер органдарының басқа бөлімдерінің қызметкері.

Осы уақытқа дейін барлығы 511 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзған 56 жүргізуші, еңбек және демалыс режимін бұзған – үш, көлігін тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаған – 31, сапар алдындағы тексеруден және медициналық тексеруден өтпеген – 22, мемлекеттік немесе міндетті тексеруден өтпеген – 27, көлік жүргізу барысында ұялы телефонды пайдаланған – 189, маневр жасау ережелерін бұзған – 175, қарсы жолаққа шығып кеткен – 4, көлікті мас күйінде басқарған – 1, міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

"Айыппұл тұрағына 20 автобус қойылды, 26 мемлекеттік нөмір шешіп алынды, рұқсат етілмеген 9 тұрақ жабылды, 6 автобус паркінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 49 автобустың жылу, электр жабдықтарының сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар, заңсыз қосымша жабдықталған автобустардың, сондай-ақ техникалық жағдайы мен құрылымы белгіленген жол қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилердің жұмысына тыйым салу бойынша шаралар қабылданады", деді Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Мәлім етілгендей, заңсыз мигранттар мен тасымалдаушыларды анықтау мақсатында көші-қон полициясы транзиттік көліктерді тексеретін болады.

 

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

Ұқсас жаңалықтар