Аймақтар • 24 Қазан, 2020

Ауылдағы алғашқы сервистік әкімдік СҚО Тайынша ауданында іске қосылды

60 рет көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомство басшысы өңірге сапар барысында ең алдымен Келлер аулына ат басын тіреп, «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесінің ашылуына қатысты.

Бұдан былай Келлер ауылдық округінің тұрғындары әкім аппаратының мамандары мен ветеринарлық дәрігердің көмегіне фронт-кеңседе жүгіне алатын болды. Оған қоса орталық өтініштерді қабылдау секторы, өзіне-өзі қызмет көрсету орны және әлеуметтік роликтерді тарататын экранмен жабдықталған.

«Мен ауыл халқына мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді ету үшін жақсы жағдай жасалған деп есептеймін. Басталған жұмыстың соңы бар. Енді тұрғындарды цифрлық сауаттылыққа үйрету керек. ХҚКО тәжірибесіне сай, төлемдер үшін банкоматтар мен терминалдар орнату қажет», - деді Алик Шпекбаев.

Агенттік Төрағасы мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандырудың маңыздылығына назар аударды. Антикор жетекшісі Президенттің тапсырмасы мен халықаралық стандарттарға сай болу үшін мемлекеттік қызмет көрсетулерді 100% электронды нұсқаға аудару қажеттігін ерекше атап өтті. Электронды үкіметтің дамуы бойынша бүгінгі таңда Қазақстан БҰҰ елдері арасында 194 мемлекеттің ішінде 28 орында тұр. Бұл республикада цифровизацияның даму қарқынының жылдамдығын дәлелдейді.

«Ашық әкімдік» қоғамдық қабылдау түрінде де қызметін атқаратын болады. Енді ауылдық округ әкімі бірінші қабатта «open space» кабинетте орналасады. Жеке қабылдауға ниет білдірушілерге бұл өте қолайлы.

«Біздің мақсатымыз – түрлі қызметтер мен кеңестерді бір орында көрсету арқылы адамдардың уақытын үнемдеу. Бұған дейін, мәселені шешу үшін шартты түрде 10-15 күн қажет болса, бүгінде небәрі 2-3 күн ғана кетеді», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Орталықтың ашылғанына ауыл тұрғындары дән риза. Қуаныштарын жасырмаған ақсақалдар енді көмекке жүгіну үшін аудан орталығына ат терлетудің қажеті жоқ дейді. Айта кету керек, Келлер аулы бұрын аудан орталығы болған.

Айта кету керек, Агенттік Төрағасының бағдарламасында Петропавл қаласындағы «AGROKÓMEK» сервистік орталығының ашылуы да бар.

Соңғы жаңалықтар

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Сусын төресі – сары қымыз

Руханият • Бүгін, 08:32

Он литр қан тапсырды

Қоғам • Бүгін, 08:31

Алғысқа бөленген Анаргүл

Аймақтар • Бүгін, 08:06

Қамқор ниет қанат бітіреді

Руханият • Бүгін, 07:52

Бір шымшым топырақ

Қазақстан • Бүгін, 07:52

Төрт жылда жойылған көлік көп

Экономика • Бүгін, 07:36

Машина жасау саласы мүлгіген жоқ

Экономика • Бүгін, 07:34

Сөредегі сағаттар

Руханият • Бүгін, 07:17

Күзгі әуен әуеледі

Руханият • Бүгін, 07:16

Алаш дастаны хақында

Руханият • Бүгін, 07:06

Kazakh Tourism Safe Travels белгісін алды

Туризм • Бүгін, 07:00

Түбітсіз терек

Қоғам • Бүгін, 06:56

Он бір ауылға газ жетті

Экономика • Бүгін, 06:29

Мектеп жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 06:27

Малды жаңаша бағатын қожалық

Экономика • Бүгін, 06:25

Қазталов деген аудан бар

Аймақтар • Бүгін, 06:24

Ластанған жерді дронмен табады

Технология • Бүгін, 06:18

Жоспар жақсы, үміт мол

Аймақтар • Бүгін, 06:17

Ұқсас жаңалықтар