Қоғам • 24 Қазан, 2020

Елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығулары өтеді

208 рет көрсетілді

Елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы 24 қазанда сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін "Астана Су Арнасы" МКК станциясының аумағында "Нұр-Сұлтан - Антитеррор-2020" терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараның мақсаты - тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісі терроризммен күрес бойынша практикалық дағдыларды пысықтау, оның зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру.

Оқу-жаттығу кезінде ұрыстың түрлі қиын элементтері көрсетіледі. І.Жансүгірұлы көшесінен Ш.Құдайбердіұлы көшесіне дейінгі сорғы-сүзу станциясы ауданында автокөлік қозғалысы бойынша шектеу шаралары қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Қап тауындағы тұтқын

Қазақстан • Кеше

Қолды болған гараж

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар