Аймақтар • 24 Қазан, 2020

Атырауда 8 адамнан коронавирус анықталды

233 рет көрсетілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте тағы да 8 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өткен тәулікте қауіпті індетке шалдыққандардың алтауы – Атырау қаласынан. Ал екі науқас Жылыой мен Қызылқоға ауданынан анықталған. Коронавирус инфекциясымен науқастанған бір адамда ауру симптомды түрде, жетеуінде симптомсыз түрде өтуде» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өңірдегі инфекциялық стационарларда емделіп жатқан науқастардың саны – 46 адам. Оның ішінде 27 пациент №2 облыстық ауруханада, ал 19 науқас Теңіз кенішінде ашылған инфекциялық стационарда ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ, өткен тәулікте үй жағдайында ем алған 6 пациент індеттен сауығып шықты. Қазір үйінде ем қабылдап жатқан 105 науқас бар.

Соңғы жаңалықтар

Қап тауындағы тұтқын

Қазақстан • Кеше

Қолды болған гараж

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар