Қоғам • 25 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда ең үздік жас отбасы анықталды

41 рет көрсетілді

Бүгін елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде “Үздік жас отбасы” байқауының финалы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл байқауға биыл 100-ге жуық жас отбасылар қатысты. Қатысушылар 4 кезеңнен өтіп, финалға 10 отбасы жолдама алды.

Іс-шара қорытындысы бойынша 500 000 тг көлеміндегі сертификатқа ие болып, бірінші орынды иеленген - Тлеубекұлы Шыңғыс және Тлеубекова Мадина, екінші орында Тырнахан Нұргүл және Мерзамхан Айдос, олар 350 000 көлемінде сертификатқа ие болды және Аймамбетов Сұңғат пен Қайратова Арайлым 250 000 тг сертификатпен үшінші орында.

Бірде-бір финалист лайықты марапатсыз қалмайды, сондықтан финалға өткен қалған 7 отбасы да 100 000 теңгеден алды.

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Ұқсас жаңалықтар