Әлем • 26 Қазан, 2020

Нигерия көшелеріндегі шеру

6 рет көрсетілді

Нигерияда бір­неше күннен бері ха­лықтың наразы­лы­ғы басылмай тұр. Елдегі арнайы құ­қық қорғау органдарының аяусыз әре­­кет­­теріне қарсы халық алғашында әлеу­меттік желіде наразылық таныта бастады. Бұл наразылықтың соңы Нигерия кө­ше­леріндегі шеруге ұласты. Ұрлыққа қар­сы арнайы бөлім (SARS) деп атала­тын даулы полиция бөлімшесінің ұр­лау, қудалау және бопсалау секілді әре­­кет­­тері қарапайым тұрғындардың зы­ғы­рын шығарған. Наразылық сейсен­біде елдің ең үлкен қаласы Лагоста қан­ды оқиғаларға алып келген. Себебі штат бо­йынша коменданттық сағат орна­ға­нына қарамастан шеру тоқтамаған. Куәгер­лер бірнеше адамды әскерилер атып өлтір­генін, ал денелерін алып кеткенін айтқан.

Оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған ел президенті Мухаммаду Бухари қалада хаос орнағанын айтып, көпшілікті түсіністік пен тыныштыққа шақырған. Алайда келесі күні ашынған белсенділер ғимараттарды өртеп, полиция бекеттеріне шабуыл жасаған. Нигерия президенті бірнеше күнге жалғасқан бассыздық салдарынан 69 адамның қаза тапқанын айтты. Қаза болғандардың көбі бейбіт тұрғындар, арасында құқық қорғау органдарының өкілдері де бар. Енді билік елдегі тәртіпті қалпына келтірудің жолын іздеп әлек. Полицияға қарсы шерулердің соңы жылдар бойы ел билігіне жиналған наразылықтың да бір көрінісіне ұласты дейді сарапшылар.

Нигерия – Африка құрлығында ең көп, 200 миллион халқы бар мемлекет, олардың 60%-дан астамы 24 жасқа тол­маған. Еңбекке қабілетті жастағы адам­дардың көпшілігінде жұмыс жоқ және жақсы білім алуға мүмкіндіктері аз. Осы жылдың басында үкіметтің статистикасы нигериялықтардың 40%-ы кедейлікте өмір сүретінін көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар