Әлем • 27 Қазан, 2020

Әлемдегі ең бай он адам бір күнде миллиардтарынан айырылды

91 рет көрсетілді

Bloomberg Billionaires индексі бойынша әлемдегі ең бай 10 адам бір күнде 14,4 миллиард доллар жоғалтты, деп хабарлайды Egemen.kz

26 қазандағы аукцион нәтижелері бойынша алғашқы 10 рейтингтің екі миллиардері ғана өз дәулеттерін арттыра алды: Tesla мен SpaceX негізін қалаушы Илон Маск 2,88 миллиард долларға байыды, ол рейтингтің төртінші қатарында, ал Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың 263 миллион долларға дәулеті артты. Ол әлі де рейтингтің көшбасшысы болып қала береді.

Форбс журналының мәліметінше, әлемдегі ең бай он адамның бір күндегі жиынтық байлығы 17 миллиард доллардан астамға азайды. Ал ондықтың ішінен капиталы азаймаған жалғыз кәсіпкер - Amazon негізін қалаушы Джефф Безос болды. Илон Маск 66 миллион доллар жоғалтты.

Миллиардерлер дәулетінің құлдырауын 26 қазандағы американдық биржалардағы сатылымдармен түсіндіруге болады. Dow Jones 2,3 пайызға төмендеді, бұл 3 қыркүйектен бастап бірыңғай сауда сессиясындағы ең үлкен құлдырау. S&P 500 1,9 пайызды жоғалтты, бұл бір айдағы ең үлкен құлдырау, ал Nasdaq 1,6 пайызға төмендеді.

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Бүгін, 20:30

Ауылда амбулатория ашылды

Аймақтар • Бүгін, 19:11

Шымкентте Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:25

Ұқсас жаңалықтар