Аймақтар • 27 Қазан, 2020

Түркістан облысында төбесі жабық базарлар сенбі күні жұмыс істейді

18 рет көрсетілді

Түркістан облысында карантин шараларын ұзарту туралы қаулыға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.

Бас санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес, 26 қазаннан бастап облыс аумағындағы сауда орталықтарының, сауда үйлерінің және жабық базарлардың қызметі 4 шаршы метрге 1 адамнан келетін сыйымдылықпен сенбі күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейінгі уақыт шектеуімен жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді. Сондай-ақ жаңа қаулы бойынша санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтіп, әлеуметтік арақашықтықты және бетперде кию режимін сақтай отырып, ғимарат аумағын 30 пайыздан асырмай толтырып кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беріліп отыр.

"Қауіпсіздік шараларын орындау қажет. Мәселен, 65 жастан асқан адамдарға мүмкіндігінше көшеге шығуына шектеу әлі де сақталады. Сондай-ақ облыстағы эпидемиялық жағдайға байланысты отбасылық мерейтойлар, еске алу, құдалық, той, беташар және тағы басқа жиындарды өткізуге тыйым салынады. Облысымыздағы эпидемиялық жағдайға байланысты карантин және санитариялық-дезинфекциялық талаптарды мұқият сақтауға шақырамыз", - деді Нұрбек Садықбекұлы.

Сондай-ақ бас санитар дәрігер әр азамат жеке бас гигиенасын сақтай отырып, көшеде, қоғамдық орында, адам көп жиналатын жерде міндетті түрде маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Бүгін, 20:30

Ауылда амбулатория ашылды

Аймақтар • Бүгін, 19:11

Шымкентте Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:25

Ақмола облысы "қызыл" аймақта

Аймақтар • Бүгін, 09:07

Ұқсас жаңалықтар