Ауа райы • 27 Қазан, 2020

Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

141 рет көрсетілді

Қазгидромет 28 қазанда бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қ.: 28 қазанда көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы 28 қазанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысы 28-30 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысы 28 қазанда Ақмола облысында түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 28 қазанда түнде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысы 28 қазанда Павлодар облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу борасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қ.: 28 қазанда көктайғақ, жаяу борасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы 28 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қ.: түнде және таңертең 28 қазанда жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы 28 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 28 қазанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Бүгін, 20:30

Ауылда амбулатория ашылды

Аймақтар • Бүгін, 19:11

Шымкентте Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:25

Ұқсас жаңалықтар