Әлем • 28 Қазан, 2020

Арктиканың маңызы арта түседі

13 рет көрсетілді

«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады.

Оқырман назарына ұсынылып отырған екі мақала да қазіргі таңда өзекті екені сөзсіз. Бұған дейінгі нөмірімізде Нобель сыйлығының лауреаты Марио Молинаның бүкіл әлемге төніп тұрған қатер – жаһандық жылыну туралы мақаласын жариялаған едік. Онда автор Арктиканың еруін жер-жаһанның дәл төбесінде тұрған «бомбаға» теңеп, Солтүстік полюстегі әр мұздық еріген сайын «бомбаның» жарылатын уақыты жақындап келе жатқандай әсер қалдырады деп ой түйіндеген еді.

М.Молинаның мақаласының жалғасы іспетті бүгін Арктика мәселесіне қатысты екінші мақаланы ұсынып отырмыз. Швецияның премьер-министрі қызметін атқарған Карл Билдт өз мақаласында Арктика мұзының еруі аймақтағы ахуалды күрделендіре түсетіні туралы ой қозғайды. Оның айтуынша, мәңгілік мұз жабынының жойылуымен мұндағы мол ресурстарға талас басталуы әбден мүмкін.

Біріншіден, Арктиканың астында қазба-байлық көп. Қазіргі таңда бұл өңірге Арктика Кеңесіне мүше 8 мемлекет иелік етсе, келешекте Солтүстік полюске қызығатындар саны артпаса, кемімейді. К.Билдттің пайымдауынша, екінші мәселе – Арктика арқылы өтетін теңіз жолының қысқалығы да маңызға ие. Бұл да келешекте дауға айналуы мүмкін.

 

СТОКГОЛЬМ. Келешекте Арктика мәселесінде ынтымақтаса жұмыс істейміз бе, әлде бәсекелесеміз бе, оны уақыт көрсетеді. Бірақ қазірдің өзінде бұл аймаққа бұрын-соңды болмаған назар аударылатыны қазірден-ақ түсінікті.  

Мұның басты себебі – кли­мат­тың өзгеруі екені анық. Соның әсерінен мұз қабаты жой­­қын жылдамдықпен еріп, арк­ти­калық ауа температурасының жаһан­дық орташа деңгейден екі есе артуына әкеліп соғып отыр. Оның қарқыны мен ауқымын ескерсек, мұндай өзгерістің гео­графиялық, экономикалық және стратегиялық салдары болатыны сөзсіз. Бүкіл аймақты қамтып жат­қан мұз жабыны ерігеннен кейін жаңа жерасты байлығы табылып, оны тасымалдау жолдары ашылады. Олардың қатарын­да Ресейдің Сібір жағалауы бойы­мен өтетін Солтүстік теңіз бағы­ты және Канаданың солтүс­тік архипелагін бойлайтын Сол­түстік-батыс жолы бар. Дегенмен мұн­дай үдеріс мәңгі тоңдардың жібуі­не жағдай жасап, құны мил­лиард­таған долларға жететін инф­рақұрылымдарды нық жерде тұр­ғызып емес, саз балшыққа батыруы мүмкін.

Оған қоса, мыңдаған жыл бойы Арктиканы мекендеген жер­гілікті тұрғындар өздерінің күн­делікті өміріне қауіп төніп тұр­ғанын айтып дабыл қағып отыр. Арктикадағы топырақтың жартысына жуығы Ресей территориясында жатыр. Сондай-ақ өңірді мекендейтін 4 миллион адамның 70 пайызы да Ресей азаматы. Олардың көпшілігі Норвегия мен Финляндияға таяу маңдағы Кольский түбегін мекен­дейді. Бұл жерде Ресейдің Солтүстік флоты мен су астын­дағы ядролық қаруға қарсы кешендері орналасқан. Алайда аймақтың басқа бөліктері де стратегиялық әрі демографиялық тұрғыдан маңызды. Шамамен Канаданың арктикалық аймағын мекендейтін тұрғындардың үш­тен екісі – байырғы халық. Сон­дай-ақ Гренландияда тұра­тын 56 мың адамның да басым бөлі­гі жергілікті тұрғындар (Грен­лан­­дия шағын құрлығын көлеміндей).

Биыл жазда бір ғасырлық желкенді «Седов» кемесі Солтүс­тік теңіз бағытымен жүріп өтіп, мүл­дем мұзға кезіккен жоқ. Мұн­дай сапарлар бұрын ең жылы айларда ғана мүмкін еді. Ал жылдың қалған бөлігінде одан өту үшін көбінесе қуатты мұзжар­ғыш­тардың сүйемелдеуі бар арнайы кемелер қажет болатын. Соған қарамастан, Ресейдегі Сібі­рде дамып келе жатқан ірі энер­гетикалық жобалардың арқа­сында теңіз тасымалы үнемі өсіп келеді. Қытайлық және фран­цуз компанияларының әрқай­сысы Ресейдің бақылауындағы Ямал газ кен орындарынан сұйық табиғи газды шығаратын компа­ния­ның 20 пайыздық үлесіне ие. Оңтүстік Кореяда жасалған танкерлер бұл газды Еуропаға жет­кізіп жатыр. Келешекте Шығыс Азияға апарады. Бұдан басқа да көптеген жоба туралы айтудың қажеті жоқ.

1996 жылдан бастап 8 аркти­калық мемлекет – Ресей, Нор­вегия, Швеция, Дания (Грен­лан­дия), Исландия, Канада және АҚШ Арктика Кеңесі ая­сында ынтымақтаса жұмыс істеп, қор­шаған ортаны қорғау мәсе­ле­леріне алаңдаған еді. Бірақ қазіргі таңда Арктика әлемдік деңгейдегі маңызды аренаға айналып келе жатқандықтан, басқа елдер де қызығушылық білдіріп отыр.

2013 жылы Қытай, Үндістан, Сингапур, Оңтүстік Корея және Жапония Кеңестің бақылау­шылары мәртебесін алды. Оның есесіне, олар зерттеу саласы­на көмектесіп, болашақ тасымал жұмысына атсалысуы тиіс. Сауда байланысына әсерінің келешегі ауқымды. Мәселен, Жапонияның Йокогама қаласынан Германия­ның Гамбург қаласына дейінгі Арктика арқылы өтетін бағыт Суец каналы арқылы жүретін жолдан 40 пайызға қысқа.

Бәлкім, алпауыт державаға таласу бәсекесі Арктика мәсе­лесіне айтарлықтай әсер етер. Был­тыр Финляндияда өткен Кеңес­тің министрлер арасындағы кезде­суде АҚШ-тың мемлекеттік хат­шысы Майк Помпео климат өзгеруі туралы айтылған ор­тақ құжатқа қол қоюдан бас тар­тып, баршаны таңғалдырды. Оның орнына, Трамп әкімшілігі аймақ­тағы жос­пары үшін тиісіп өтті.

Келер жылы мамырда Ислан­дия Кеңеске екіжылдық төр­аға­лық ету құқығын Ресейге тапсырады. Өз кезегінде олар екіжыл­дық мерзімді босқа жібермейтіні анық. Өткен он жылда Кремль Арктикадағы өз позицияларын бекемдеу үшін көптеген қаржы құйды. Кеңестік әскери нысандарды жаңғыртып, жаңасын да салды. Мұндай әскери ұмты­лысқа НАТО тарапы дабыл қаққан. Әйтсе де, жүргізілген зерттеулер нысандардың ақ аюлардан басқа ешкімге қаупі жоқ екенін анықтады.

Әлі де талқылауды қажет ететін мәселелер бар. Ресей Сол­түстік теңіз бағыты арқылы өтетін жүк тасымалын бақылауда ұс­тайды. Сондықтан олар Арк­ти­каның басқа бөлігі мұз астында жатқанда, ауқымды терри­торияның қызығын көрмек. Бірақ мұз көбірек еріген са­йын, жаңа теңіз жолдары ашылып, Ресейдің юрисдикциясына кіретін аймақпен өтпейді. Бұл жаңадан заңдық мәселе­лер туын­датады.

Осындай бәсекелестіктің тұ­сында Финляндияда өткен саммит ең нәтижесіз екені түсінікті. Алдағы айда Рейкьявикте өтетін Арк­тика Кеңесінің жоғары дең­гейлі кездесуінде қандай бола­шақ­қа бағыт алғанымызды білеміз.

Қазіргі таңда Ресей, АҚШ, Қытай мен басқа елдердің тартысатын мәселелері жетерлік. Бірақ олардың бәрі әлемнің ең солтүстік аймағын сақтап, ашық әрі бірлесе дамытуы тиіс ортақ мүддесі бар екенін ескеруі керек. Қалай дегенмен, Арктиканың әлемдік сахнада маңызы артатыны сөзсіз. Мұны соғыс емес, өзара тиімді ынтымақтастыққа айналдыру бәрімізге қажет.

 

Карл БИЛДТ,

Швецияның бұрынғы премьер-министрі және сыртқы істер министрі

 

Copyright: Project Syndicate, 2020.

www.project-syndicate.org

 

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

«Теңізшевройлдан» – 825 көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Елбасы дәрісханасы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:22

Дәуірден озған дара тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:20

Сақтансаң, сау боласың

Қоғам • Бүгін, 06:54

Жазудың түбін қазу

Қоғам • Бүгін, 06:50

Ұқсас жаңалықтар