Аймақтар • 28 Қазан, 2020

Тірлігі алға басқан Алға

528 рет көрсетілді

Ауылдың әлеуетін арттыру мақсатында бүгінде мем­­лекет тарапынан айтар­лық­тай көмек берілуде. Жамбыл облысындағы көптеген ауыл тұр­ғын­дары мем­­ле­кеттік бағдарламалардың игілігін көруде. Мә­се­лен, Шу ауданының Алға ауылдық округінде мектеп салу, көшелерді жөндеу осы уақытқа дейін күр­­делі мәселелердің бірі болып келген. Аталған округ­тің құрамына кіретін Сауытбек және Жайсан елді ­ме­кен­дерінде де білім ошағы болғанымен, мұнда да сол көше­лер­ді жөндеу, газ тарту мәселесі күн тәртібінде тұрған. Енді аталған мәсе­лелер биыл біртіндеп шешімін табуда. Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров бүгінде барлық ауылдардың мәсе­ле­сін шешуге тиісті қаражат бө­­лі­ніп отырғанын, нәти­жесінде жүйелі жұмыстар жүр­гі­зіліп жатқанын жеткізді.

Қазіргі кезде Алға ауылының өзінде 2 500 адам тұрады. Осы күнге дейін талапқа сай білім ошағы болмағандықтан, ауыл тұрғындары балаларын ауыл іргесіндегі Шу қаласындағы немесе аудан орталығы Төле би ауылындағы мектептерге оқуға беріп отыр екен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, осы күнге дейін оқушылар оқып келген мектеп алпысыншы жылдары жатақхана ретінде салынған. Бұл жерде сол уақытта Алға ауылына жұмыс істеуге келген вьетнамдықтар тұрыпты. Ол да қазіргі кезде ескірген, тозған. Бүгінде тұрғындардың тілегі ескеріліп, мемлекет қолдауының нәтижесінде 300 орындық мектеп салынуда. Үш қабатты, еңселі, барлық талапқа сай білім ошағында әзірге бір ауысымда 300 бала білім алады деп жоспарланған. Алға ауылдық округінің әкімі Бағдат Есбергеновтің айтуынша, егер тұрғындар түгелдей балаларын осы мектепке қайтадан беретін болса, онда бала саны тағы артады. Дегенмен, ол оқушыларды екі ауысымда да оқытуға мүмкіндік бар екенін айтты. Жаңа мектеп жақында пайдалануға беріледі.

Ауылдағы негізгі мәселелердің бірі болып келген көшелерді жөндеу жұмыстары да биыл жүзеге асырылуда. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының аясында Алға ауы­лын­дағы 2,5 шақырым болатын ең ұзын көше жарықтандырылып, асфальт төсе­луде. Жалпы, ауылда 7 көше бар екен. Биыл Мәншүк Мәметова, Халық Тойғұлұлы, Жобалай Бекішұлы, Кәлен Қабышұлы, Кененбай Бармақов, Болат Дегешұлы атындағы 6 көше бір мезгілде асфальтталған. Аталған көшелердің ұзындығы 8 шақырымды құрайды.

«Бұл жұмыстар ағымдағы жылғы шілде айында басталып, қыркүйек айында аяқ­тал­ды. Жолдардың сапасы жақсы. Ел жол­дың игілігін көріп отыр. Ауыл тұр­ғын­да­рын қолдап, тиісті көмек көрсетіп отырған мемлекеттің және об­лыс­тың басшыларына алғыс айтамыз», дейді ауыл ақсақалы Ырысбай Райысов.

Сол сияқты «Өңірлерді дамыту» бағ­дарламасы бойынша Сауытбек елді­ мекенінде де бірқатар көше жөн­дел­ген.

Биыл аймақта қолға алынған «Асар­ла­тып үй салу» жобасы Алға ауы­лын­да да жүзеге асуда. Жергілікті жұрт бір кісідей жұ­мылып, жалғызбасты ана Оразкүл Сау­рықоваға баспана салып беріпті. Ауылдағы азаматтардың ауызбірлігіне тәнті болған ана көпке алғыс айтуда. Ауыл әкімі Бағдат Есбергеновтің айтуынша, кейбір тұрғындар осы үйді салу үшін шамасының келгенінше ақша, мал, құрылыс заттарын беріпті. Оразкүл Саурықованың өзі де құрылыс жұмыс­та­рына қажетті дүниелерге зейнетақы­сынан ақша бөліп отырыпты. Қазір ол өзінің жаңа бас­па­насында тұрып жатыр. Тағы бір айта кетерлігі, Алға ауылына 20 жыл бойы су келмеген екен. Содан ел бақша салмай, егін екпей, қажетті жеміс-жидек, көкөніс сияқты ке­рек нәрселерін іргедегі Шу қаласынан та­сып күнелтті. Дегенмен, жергілікті кәсіп­кер­лердің көмегімен 2,5 млн теңгеге 9 шақырым канал қазы­лып, бүгінде ауыл тұрғындары су тапшы­лы­ғы­нан да құтылған. Ал кезінде Алға, Сауытбек ауыл­дарына газды жеке мер­ді­гер компания­лар тартқан болса, бүгінде Жайсан елді мекеніне мемлекет тарапынан газ тартылуда. Көгілдір отын Шу қаласынан бері тартылып, әрбір үйдің есігінің алдына дейін келіп тұр. Енді әрбір тұрғын 153 мың теңге төлеп, үйіне газ кіргізе алады. Бұл – тұрғындар үшін қолжетімді баға.

Ауылдағы тағы бір негізгі мәселе – клуб­тың жоқтығы болып отыр. Әри­не екі мың­нан астам тұрғыны бар ауыл­ға бір мәдени нысан керек-ақ. Енді клуб салынып, ол ауыл жастарын тәрбие­леу орталығына айналса дейді көп­ші­лік. Алайда клуб мәселесінің қалай шеші­летінін алдағы уақыт көрсетеді. Мем­ле­кет­тің қолдауын көріп отырған Алға ауылының бүгінгі тіршілігі осы.

 

Жамбыл облысы,

Шу ауданы

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

«Теңізшевройлдан» – 825 көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Елбасы дәрісханасы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:22

Дәуірден озған дара тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:20

Ұқсас жаңалықтар