Экономика • 28 Қазан, 2020

Еккені – жүгері, өнімі үдеді

10 рет көрсетілді

Жаркент өңірінің даңқы кезінде жүгері өсірумен шыққан еді. Қазір де аудан диқандары дәстүрлі дақылды көптеп өсіреді. Биылдың өзінде аудан бойынша 26 059 гектар жерге дала аруы дәні егілген. Қазіргі уақытта 24 196 гектар алқабы жиналып алынды. Күтімі келіссе, жүгерінің өнімі жоғары болады.

Аграршылар өткен күзде жүгері егілген әр гектардан орташа есеппен 64,1 центнерден алып отыр. Ал әзірге жиналған өнім – 155 133 тонна. Ала жаздайғы өсірілген алтындай өнімдер бүгінде зауыттарға жөнелтіліп, сатылымға жіберілді. Аудандағы «Жаркент крахмал-сірне» зауытына 65 мың тонна, «Шамалған крахмал-сірне» зауытына 10 мың тонна, жеке қожалықтар мен базарларға 2 950 тонна саудаланды. Жауапты науқандағы шаруалар жұмысын көшпелі брифингте аудан әкімі баяндап берді.

– Ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолдану өнімді еселеуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта әкімдік тарапынан қажетті қолдау жасалып жатыр. Жиын-терін және күзгі дала жұмыстарына ауданымызда шаруаларға арзандатылған кепілді 380 тонна дизель отыны бөлінген болатын. Оның ішінде шілде айына – 80 тонна, тамыз айына – 100 тонна және қыркүйек айына – 100 тонна, қазан айына 100 тонна берілді. Аудан бойынша бүгінге дейін алынғаны – 360 тонна, – дейді Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев.

Бүгінде алқаптағы жұ­мыс­тар қызу. Жүгері жинау нау­қа­ны бойынша 90 комбайн жұ­мыл­дырылған. Оның ішінде 34 комбайн жүгеріні дәнге тікелей оратын, 52 КамАЗ тасымалдау мақсатында қолданылуда. Осындай қолдау арқылы дала аруының биыл өнімділігі артты. Ауданда жүгері 2019 жылы 26 005 гектар жерге егілсе, биыл 26 059 гектарды құрап отыр. Былтырғымен салыстырғанда 866 тонна артық жүгері дәнін жинау жоспарланған. Шаруалар өнім жинауды қыркүйектің ортасында бастаған. Айтуларынша, науқан айдың соңында толық аяқталады. Панфиловтан бөлек, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле аудан­­дары қазіргі күні жүгеріні аудан­да­ғы зауытқа өткізіп жатыр. Кү­ні­не 70-78 тонна қабылдануда.

Соңғы 9 айда жазиралы өңір­де­гі ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 31 млрд теңгеге жетіп отыр. 14 қа­зан­ға дейін бидайдың 414 гектары орылып, 946 тонна өнім берсе, арпа 567 гектардан – 1 360 тонна, жүгері 17 629 гектардан – 113 мың тонна, картоп 1 345 гектардан – 23,4 мың тонна, көкөніс 1 202 гектардан – 33 мың тонна, жеміс-жидек 1 677 гектардан 14 мың тонна өнім жиналды. Қысқы мерзімге 183,4 мың тонна ірі сабақты мал азығы дайындалды. Түйіндей айтқанда, жазиралы Жаркент жеріндегі ауыл шаруашылығы әрі қарай да өркен жаймақ.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

«Теңізшевройлдан» – 825 көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Елбасы дәрісханасы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:22

Дәуірден озған дара тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:20

Ұқсас жаңалықтар