Медицина • 28 Қазан, 2020

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек үшін үлкен сабақ

7 рет көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «COVID-19 – БМСК үшін үлкен сабақ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, пандемия кезінде еліміздегі алғашқы медициналық көмек көрсету жүйесін дамытудың негізгі мәселелерін талқылады.

 

Аталған конференция ДДҰ Еуропалық денсаулық сақтау орта­лы­ғы, ДДҰ Қазақстандағы өкі­л­дігі, Грузия, Литва және Украина елдерінен келген дәрі­гер, ғалым, сарапшылар мен өңірлердегі дәрігерлердің басын қосты. Бұл БМСК жөніндегі 1978 жылғы Алматы декларация­сында айқындалған халықтың денсаулығын сақтаудағы алғашқы медициналық-санитарлық кө­мек­­тің маңыздылығын түсінуден туын­дап отыр.

«Мемлекет басшысы БМСК-ны ұйымдастыру әдісін түбегейлі қайта қарауды тапсырды. Емха­на­лардың жұмысы белсенді, фор­маты жағынан халыққа ыңғай­лы болуы тиіс және қызмет көр­се­ту көлемін арттыру керек. Бү­гін­де алғашқы медициналық-сани­тар­лық көмек денсаулық сақ­тау жүйесінің маңызды бөлігі. Көптеген медициналық-әлеуметтік мәселенің шешімі осы БМСК-ның тиімділігіне байланысты. Коронавирус инфекциясының алдын алуда БМСК-ның рөлі өте маңызды», деді А.Цой.

Министрдің айтуынша, COVID-19 пандемиясы мемлекет­тер мен қауымдастықтардың, ең алдымен денсаулық сақтау жү­­­йе­сінің заманауи жаһандық сын-қатерге дайындығын бағ­дар­­­лайтын индикаторға айналды. Ал Қазақстан коронавирус ин­фек­ция­сы­ның алғашқы тол­қы­ны­нан алған сабағы – БМСК-ны ны­ғайту.

А.Цой конференцияны ұйым­дас­тырушыларға ризашы­лы­ғын білдіріп, медицина ғылым­да­рының докторы, профессор, ҰҒА академигі, Мемлекеттік сый­лық­тың лауреаты Төрегелді Шарма­нов­ты 90 жасқа толған туған күнімен құттықтады.

Профессор өз сөзінде Алматы декларациясы 1978 жылғы 12 қыркүйекте «Денсаулық баршаға» ұра­нымен өткен алғашқы ме­ди­­циналық-санитарлық кө­мек жө­ніндегі халықаралық кон­фе­рен­цияның соңғы күні қа­был­дан­ғанын еске салды. Утопияға қарамастан, бұл ұран және оған енгізілген қағидалар әлемдік денсаулық сақтауды дамытуда маңызды рөл атқарды. Алматы декларациясы әлемдік тарихқа «Денсаулық сақтаудың ұлы хартиясы» ретінде енді. 10 тармақ, үш беттен тұратын құжат әлемдік денсаулық сақтаудың іргелі негіз­де­рін, алғаш рет азаматтардың өз денсаулығы үшін құқықтары мен жеке жауапкершілігін, сондай-ақ мем­лекеттің өз азаматтарының ден­саулығы үшін міндеттерін ай­қындап берді.

«Декларация қауіпсіз қоршаған ортаны, суды, тағамды, ана мен бала денсаулығын нығайтуда меди­ци­налық көмекті, дәрі-дәр­мек­пен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті ресурстарды жұмылдыру арқылы қол жеткізілетінін анық­та­ды. Бүгінгі таңда бұл қағидаттар айқын көрінгенімен, 42 жыл бұрын ол әлемнің көптеген елі үшін ден­­саулық сақтау саласындағы ба­сым­­дықтарға ие болып, алғашқы ме­ди­циналық-санитарлық көмекті да­мытуды өздерінің басты міндеті ре­тінде айқындауға сеп болды», деді Т.Шарманов.

Форум барысында қаты­су­шылар өзекті медициналық мәсе­ле­лерді талқылап, өз тәжірибесімен бөлісті.

Аталған конференция БМСК бойынша Алматы декла­ра­ция­сы­ның 42 жылдығына арналады, сондай-ақ академик Төрегелді Шармановтың 90 жасқа толған мерейтойы және Қарағанды медицина университетінің 70 жылдығы да атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

«Теңізшевройлдан» – 825 көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Елбасы дәрісханасы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:22

Ұқсас жаңалықтар