Аймақтар • 28 Қазан, 2020

Көше камерасының көмегі

67 рет көрсетілді

Мұнайлы өңір орталығында көшелерге орнатылған камералар арқылы көлік қозғалысына, қоғамдық тәртіптің сақталуына тәулік бойы бақылау жасалып отыр. Облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтың мәліметінше, биылғы тоғыз айда 759 сыртқы бақылау камерасымен 186 қылмыс ашылыпты.

Сондай-ақ жол жүру қағидаларын бұзу­шы­лықтарды автоматты түрде тіркейтін «Сер­гек» аппараттық-бағдарламалық кеше­нінің 1224 камерасы қала аумағындағы авто­көлік жолдарының 153 желілік учаскелеріне және 51 реттелетін көше қиы­лысына орна­тылған. «Сергектің» бейнебақылау камера­лары арқылы жолда жүру ережелерінің бұзылуы пошта байланысымен, СМС хабарламасы арқылы көлік иелеріне жеткізіледі. Биылғы 10 қыркүйекте іске қосылған құрыл­ғының көмегімен осы кезге дейін  6006 жол жүру қағидаларын бұзған құқықбұзушылық анық­талды. Құқық бұзушыларға 42 млн теңгеден астам көлемінде айыппұл салынып, 8 млн 590 мың теңгесі өндірілді.

Жолда жүру ережесін әлденеше рет бұз­ғанымен қоймай,  айыппұлын төлемейтін жүргізушілер ұсталып, көліктері айып тұра­ғына қойылып жатыр. Өңір полицейлері 15 қазанда басталған «Борышкер» іс-шара­сы кезінде осындай жүргізушінің біріне салын­ған айыппұлдың мөлшері 1 млн теңгеден асып кеткенін анықтады.  

– Жол қозғалысы ережелерін бұзу, оның ішін­де жылдамдықты асыру фактілеріне қатыс­ты фото-бейнетіркеуді жүзеге асыратын, жалпы автокөлік қозғалысын бақылауға алатын «КОРДОН М-2», «КОРДОН М-4» кешендерінің бейнекамера­ларына Армениядан әкелінген «BMW-525» автокөлігі түскенін анықтады. Көлік жүргізу­шісі 55 рет жылдамдықты асырып, 1 миллион 83 мың 420 теңге көлеміндегі айыппұлды  төле­мегені үшін ұсталды. Жылдамдықты 40 рет үдеткен «ВАЗ-21144» көлігінің жүргізу­шісі­не салынған айыппұлдың мөлшері 666 мың 720 теңгені құраған. Сондай-ақ «ВАЗ-2108» автокөлігінің жүргізушісіне 21 мәрте жылдамдықты асырғаны үшін 333 мың 360 теңге айыппұл салынған. Ал 28 рет жылдамдығын асырған Ресей Феде­рациясының есебінде тұрған «ВАЗ-21014» көлігінің жүргізушісіне салынған айыппұл 494 мың теңгеге жеткен, – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.

Патрульдік қызмет полицейлері иелері айып­пұл төлемеген тағы 37 автокө­лік­ті анық­тап, тоқтатты. Әкімшілік құқықбұзу­шылық туралы кодекстің 785-бабына сәйкес, борышкер атанған жүргізушілердің көліктері айып тұрағына қойылды.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

«Теңізшевройлдан» – 825 көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Елбасы дәрісханасы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:22

Ұқсас жаңалықтар