Аймақтар • 28 Қазан, 2020

Солтүстікте Айыртау ауданында жауынгерлік граната табылды

20 рет көрсетілді

Осы ауданға қарасты Имантау ауылының тұрғыны полицияға қауіпті "олжа" тапқаны туралы хабарлаған. 55 жастағы адам өзінің иттерін серуендетіп жүргенде  жерде жатқан граната салынған пакетті көрген, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқыс оқиға дереу облысқа хабарланып, Полиция департаментінің жедел жеткен жарғыш техник-мамандары "олжаның" жауынгерлік қол гранат екенін анықтаған. Мамандар оны заларсыздандырып, жарылғыш заттарды тасымалдауға арналған контейнерге орналастырады.

"Бұл факті Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, оның аясында сараптама тағайындалады. Ауыл тұрғыны көрсеткен жерге тексеру жүргізілді. Басқа жарылғыш зат табылған жоқ", дейді Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Марат Серкешев.

Мұндай қауіпті қару ауылға өз аяғымен келмегені анық. Оның қандай әскери бөлімнен ұрланғаны және қандай мақсатпен ұрланғаны және кімнің ұрлағанын ашу полицияның алдында тұрған жауапты міндет. Егер ол ақыл-ойы дұрыс адамның қолына түспей, мұндайды қызықтағыш бала-шағаның немесе жаман ойлы адамның қолына түссе, оның арты үлкен қайғыға соқтырары сөзсіз еді. Сондықтан СҚО ПД бұл фактіге айрықша назар аударып отыр.   

Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін гранатаны ПД мамандары полигонда жояды. Осыған байланысты кез келген күдікті зат анықталса, дереу полицияға хабарлау керек екендігі тұрғындарға ескертілді. Мұндай қауіпті заттарды өз бетімен тасымалдау қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, олар қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

«Теңізшевройлдан» – 825 көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Елбасы дәрісханасы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:22

Дәуірден озған дара тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:20

Ұқсас жаңалықтар