Қазақстан • 28 Қазан, 2020

Лицензиясынан айырылған университет студенттері қалай ауысады?

30 рет көрсетілді

Лицензиясынан айырылған жоғары оқу орындарының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғары оқу орындарының жабылуы мен студенттерді басқа оқу орындарына уақытылы ауыстыру қажеттілігіне байланысты министрлік нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді.

Енді ЖОО білім беру қызметімен айналысу лицензиясынан немесе лицензияға қосымшадан айырылғанда (қайтарып алынған) немесе жоғары оқу орны жабылған жағдайда аталған оқу орнының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ бірден басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.

Бұл норма оқуларын жалғастыру барысында студенттерге қолдау көрсетуге бағытталған.

Қазір БҒМ білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына лицензиясы тоқтатылған жоо білім алушыларын ауыстыру бөлігінде қосымша өзгерістер енгізу бойынша жоғары оқу орындарынан түсіп жатқан бірқатар ұсыныс қарастырып жатыр. Алдағы уақытта мұндай жағдайлар орын алса, студенттер лицензияның ықтимал кері қайтарылуын күтпей-ақ басқа жоо-ға ауыса алады.

Соңғы жаңалықтар

Адасқан балықшы аман табылды

Аймақтар • Бүгін, 17:06

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Ұқсас жаңалықтар