Коронавирус • 28 Қазан, 2020

Ұлыбритания мен Италияда адам өлімінің рекордтық көрсеткіші тіркелді

84 рет көрсетілді

Бүгін 28 қазанда Ұлыбританияда мамыр айынан бастап COVID-19 инфекциясымен ауыратын адамдардың өлім-жітімінің рекордтық өсімі тіркелді, жұқтырғандар ішінен 367 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, мұнда тәулігіне COVID-19 инфекциясының 22 мың 885 жағдайы анықталды.

Италияда бір тәулікте COVID-19 жұқтырған 221 адам қайтыс болды. Бұл 15 мамырдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, 27 қазанда коронавирус жұқтырған 21 мың 944 адам анықталды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 5 мың жағдайға көп.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, дүйсенбіден бастап Италия үкіметі шектеулерді күшейтті: елдегі барлық кинотеатрлар, театрлар және спорт залдар мен бассейндер жабық тұр.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар