Қоғам • 28 Қазан, 2020

Kaspi.kz сервистері қалпына келтірілді

1155 рет көрсетілді

Kaspi.kz қосымшасындағы техникалық ақаулар жойылып, сервистер қайта жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды Egemen.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Kaspi.kz қосымшасындағы барлық қызмет түрі жұмыс істеп тұр. Қолайсыздықтар үшін  кешірім сұраймыз. 29 қазан мен 4 қараша аралығында Kaspi QR арқылы Kaspi Gold және Kaspi Red-тен төлем жасаған кезде әрбір сатып алу үшін 5 пайыз бонус береміз", делінген банк хабарламасында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін банк қосымшасының жұмысында техникалық ақаулар болғанын хабарлаған едік. Kaspi.kz өкілдері болған оқиғаға түсініктеме бере отырып, ақау тез арада жойылатынын айтты.  

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар