Парламент • 28 Қазан, 2020

29 қазанда Сенат отырысы өтеді

23 рет көрсетілді

2020 жылғы 29 қазанда, бейсенбі күні сағат 10:00-де Сенаттың кезекті отырысы  болады. Күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1.Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.

2.Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.

Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режімде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар