Медицина • 29 Қазан, 2020

Сәдуақас Байғабылов: Жолаушылардың көбінде ПТР анықтамасы бар

4 рет көрсетілді

Көліктегі бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов 29 қазан күні түнде 10 халықаралық әуе рейсімен елге 1072 жолаушы ұшып келгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Олардың 1047-де ПТР-тест анықтамасы болған.

"Нұр-Сұлтандағы 4 рейс бойынша 426 жолаушының 418-де, Алматыдағы 4 рейс бойынша 536 жолаушының 522-де, Қарағандыдағы 1 рейс бойынша 16 жолаушының бәрінде, Шымкентке ұшып келген 94 жолаушының (1 рейс) 91-де ПТР-тест анықтамасы бар болып шықты", деп хабарлайды Сәдуақас Байғабылов.

Дәрігердің айтуынша, ПТР-тест анықтамасы жоқ азаматтар Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларындағы карантиндік стационарға жатқызылған.

Жолаушылар халықаралық әуе рейстерімен Түркия, Ресей, БАӘ елдерінен келген. Сонымен қатар Сәдуақас Байғабылов Түркиядан келген Тәжікстан азаматы ПТР-тест анықтамасы болмағандықтан Алматы әуежайынан депортацияланғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Қап тауындағы тұтқын

Қазақстан • Кеше

Қолды болған гараж

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар