Әлем • 29 Қазан, 2020

Қазақстан су сапасы бойынша 54-орынды иеленді

14 рет көрсетілді

Қазақстандықтарға жеткізіліп отырған табиғи судың көлемі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2,2 млрд текше метрді құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7% көп, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанға жеткізіліп отырған ауыз судың көлемі 1 пайызға, ал ішуге жарамсыз судың көлемі керісінше, жыл ішінде 2 пайызға өскен. Әлем елдерінің тұтынылатын судың сапасы денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін клиникалық тіркелген оқиғаларды есепке алатын рейтингінде Қазақстан 179 орынның ішінде 54-ші орында тұр.

Қазақстан Республикасында ауыз су сапасының индексі 100-ден 55,8 көрсеткішін құраған. Рейтингте бірінші орынды көрсеткіштері жоғары 10 ел алған: Австрия, Финляндия, Грекия, Исландия, Ирландия, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Швейцария және Ұлыбритания.

Соңғы жаңалықтар

Жаяуға да жаза бар

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар