Парламент • 30 Қазан, 2020

Мәжілісте парламенттік сыйлық тапсырылды

52 рет көрсетілді

Кеше Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздарына Мәжіліс мүсіншесі мен дипломдарды табыс­тады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Биыл төртінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі парламенттік сыйлықтың қорытындысы жаз мезгілінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында шыға­рылған болатын. Алайда карантинге байланысты естелік мүсіншелер мен лауреаттардың дипломдарын тапсыру рәсімі күзгі парламенттік сессияға ауыс­тырылған-ды.

Мәжіліс Төрағасы «Парламент сөзі» сыйлығын жеңімпаздарға табыстап, бұқа­ралық ақпарат құралдарының еліміз­дің дамуын­дағы, сондай-ақ депутат­тық кор­пус пен журналистердің бірлес­кен нәти­желі жұмысын атап өтті. Нұрлан Нығма­тулиннің ай­туынша, журна­лис­тердің Мә­жіліс жұмысын наси­хат­тап, депу­таттардың қыз­метін ха­лыққа жет­кі­зуде қосып жатқан үлес­тері өте зор.

«Парламенттік журналис­тиканы дамы­туға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша сыйлық «Qazaqstan dauiri» бас директоры Сәуле Мешітбаева мен «Караван» газетінің бас редакторы Игорь Шахновичке берілді.

«Үздік телевизиялық сюжет үшін» аталымын «Хабар» телеарнасының тілшісі Индира Жылқайдарова мен «Еу­разия» бірінші арнасының» тілшісі Светлана Пень­кова иеленді.

 «Үздік баспа жарияланымы үшін» аталымын «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Темір Құсайын мен «Литер» газетінің ұжымы жеңіп алды.

«Үздік интернет және радио материалы» аталымын «Abai.kz» ақпараттық порталы және Серік Сабеков («Kazin­form») иеленді. «Парламент сөзі» сый­лығының «Арнайы репортаж» аталы­мын «Қазақ радиоларынан» Қымбат Досжан және «Хабар 24» телеар­на­сының корреспонденті Марк Брюшко алды.

«Үздік бейне-сурет материалы үшін» аталымын «Nur Media» фотот­іл­шісі Советбек Мағзумов және «Хабар» телеар­на­сының бас операторы Еділ Ермекбаев иеленді.

Сондай-ақ биыл әлеуметтік желідегі үздіктер анықталды. Олар «Әлеуметтік желі­дегі үздік материал үшін» аталымын алғаш рет журналист-блогер Өркен Кенже­бек және YEDILOV ONLINE Telegram-каналының авторы Ербол Еділов иеленді.

Сонымен қатар Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің бастамасымен биылғы жылы «Парламент сөзі» арнайы сый­лығы» аталымы халқымызға бел­гілі журналист, танымал теле­жүр­гізуші, ар­дақты азамат, мезгіл­сіз дүниеден өткен Бейсен Құран­бектің құрметіне беріліп, арнайы сыйлық жарына табысталды.

Жеңімпаздарға Мәжіліс мүсін­ше­лерімен және арнайы дипломдар табысталды.

Соңғы жаңалықтар

Адасқан балықшы аман табылды

Аймақтар • Бүгін, 17:06

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Ұқсас жаңалықтар