Қоғам • 30 Қазан, 2020

Басшылар біліктілігін арттырады

6 рет көрсетілді

«Азаматтық бастамалар орталығы» Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «ҮЕҰ академиясы» ауқымды жобасын қолға алды. Бағдарлама аясында халықаралық сарапшылар қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларына арнайы оқу бағдарламасын дайындап, соған сай біліктілігін арттырмақ. Бұл Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының басшылары үшін қажетті құқықтық және басқарушылық білімдердің алғашқы жүйелендірілген курсы.

 

«Білім беру бағдарламасының бірегейлігі – семинар тыңдаушыларына ҮЕҰ-ны табысты дамыту бойынша озық практикаларды ұсынуда. Белгілі сарапшылар мен бизнес-тренерлер ҮЕҰ қызметін жоспарлау және талдау, қаржыландыру көздерін тарту, ҮЕҰ-ны ілгерілету тәсілдері, жеке даму стратегиясын құру туралы және басқа да білімдерімен бөліседі. Қашықтан оқыту формасының арқасында семинарлар мен вебинарлар барлығына қолжетімді. Біздің басты міндетіміз – ҮЕҰ өкілдерін қашықтан және мобильді оқытуды ұйымдастыру үшін қазақстандық платформа құру, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің кәсіби дағдыларын дамыту», деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметов.

Бүгінгі таңда ҮЕҰ академиясына 300-ден астам тыңдаушы жа­зылған және әртүрлі елдердің жаттықтыру­шы­лары шақырылды.

Оқыту курстарын Ресейдегі RedMe әлеуметтік бағытталған мар­ке­тингтің бірінші халықаралық агент­тігінің басшысы Ольга Шара­ту­та, әлеуметтік кәсіпкерлік бо­йын­ша Қырғызстанның сарапшысы Гүлнара Жүнісалиева, стратегиялық және коммуникациялық менедж­мент бойынша қазақстандық мамандар: бұқаралық коммуникация саласындағы сарапшы Алина Хаматдинова, стратегиялық және коммуникациялық маркетинг бойынша кеңесші Ильдар Валиуллов және басқалар жүргізеді.

Халықаралық сарапшылар қоғам­дық ұйымдар өкілдерін қарым-қатынасты ілгерілету әдістеріне, бизнес, ынтымақтастық пен ҮЕҰ-ны дамыту ерекшеліктеріне, ресейлік кейстер, стратегия, қаржылық жос­парлау және жобаларды басқару мысалында ҮЕҰ-ны дамытудың тиімді құралдарын үйретеді.

«Бұл пайдалы және мазмұнды бастама. Мен үшін ҮЕҰ-ны дамы­ту­дың маркетингтік әдістері және ресейлік корпоративтік еріктілік агенттіктерінің шешімдері жаңалық болды. ҮЕҰ-ны дамыту бойынша жаңа және уақтылы ақпарат алдық, оны біздің алдағы қызметімізде міндетті түрде қолдануға болады», деп атап өтті Қостанай облысы Аза­мат­­тық альянсының басшысы Динара Өтебаева.

 

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар