Теннис • 30 Қазан, 2020

Кукушкин – келесі кезеңде

5 рет көрсетілді

Елордада теннистен ATP 250 санатындағы әлемдік турнир жалғасуда. Кешегі жарыс күнінде кортқа шық­­қан қазақстандық Ми­хаил Кукушкин жарысты жеңіспен бастады.

Кукушкин бірінші кезеңде аргентиналық спортшы, әлем­нің 76-ракеткасы Федерико Дельбониспен кездескен болатын. Үш сетке созылған матч­та қазақстандық теннисші 6:7, 6:3, 6:2 есебімен қарсыласынан басым түсті. Жерлесіміз келесі кезеңде франциялық Бенуа Пэрмен бақ сынайды.

Өкінішке қарай, Александр Бублик пен Тимофей Скатов жарыс жолынан шығып қалды. Бублик әлемдік рейтингте 209-орында тұрған Маккензи Макдональдқа 6:3, 6:2 есебімен жол берді. Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы жарысқа жалпы саны 28 спортшы қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Ұқсас жаңалықтар