Экономика • 30 Қазан, 2020

"Самұрық-Қазына" мен Bpifrance инвестициялаудың жаңа платформасын іске қосады

12 рет көрсетілді

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ Bpifrance француз егеменді қоры және инвестициялық банкімен бірлесіп жалпы сомасы 100 млн еуроға тең инвестициялау платформасын құру бойынша келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келісім шеңберінде тараптар француз және қазақстандық компанияларға бірлесіп инвестиция салуға, Қазақстандағы жобаларды іске асыруға француз компанияларын тартуға және Францияда қазақстандық бизнестің қатысуын кеңейтуге ықпал етуге ниетті.

Bpifrance-2013 жылы құрылған француздық егеменді қор және инвестициялық банкі, оның акционері Франция Үкіметі.

Келісім шеңберінде серіктестер - өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, ЖЭК және жасыл технологиялар, ауыл шаруашылығы, логистика, білім беру, денсаулық сақтау салаларында 10 млн еуродан бастап 40 млн еуроға дейін миноритарлық инвестициялары бар шағын, орта және орта компанияларға бағытталған.

"Bpifrance-пен серіктестік ең үздік әлемдік тәжірибелерді тартуға мүмкіндік береді. Біз Қазақстандағы және халықаралық нарықтардағы түрлі мүмкіндіктерге ұзақ мерзімді инвестициялық көкжиекпен бірлескен инвестициялар арқылы ұзақ мерзімді қарым - қатынастарға мүдделіміз", - деді "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма мүшесі, логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директор Ержан Тұтқышев.

Өз кезегінде, Bpifrance бас директоры қордың стратегиялық серіктестер қатарына қосылуын оң бағалады.

"Біз Самұрық-Қазынамен бірлесіп инвестициялаудың жаңа платформасын іске қосуды қолдаймыз, ол бізге ауыл шаруашылығы ресурстарын қоса алғанда, бай табиғи ресурстарға ие Азия, Ресей және Еуропа қиылысындағы Қазақстан мен Орталық Азия ұсынған көптеген мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылған француз компанияларын бірлесіп қолдауға мүмкіндік береді. Біз осы серіктестікті елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды құру құралы ретінде егеменді әл-ауқат қорларымен осындай әріптестікті дамытуды жалғастыруға бел будық", - деп түсіндірді Bpifrance халықаралық істер жөніндегі атқарушы директоры Паскаль Лагард.

Соңғы жаңалықтар

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Сусын төресі – сары қымыз

Руханият • Бүгін, 08:32

Он литр қан тапсырды

Қоғам • Бүгін, 08:31

Алғысқа бөленген Анаргүл

Аймақтар • Бүгін, 08:06

Қамқор ниет қанат бітіреді

Руханият • Бүгін, 07:52

Бір шымшым топырақ

Қазақстан • Бүгін, 07:52

Төрт жылда жойылған көлік көп

Экономика • Бүгін, 07:36

Машина жасау саласы мүлгіген жоқ

Экономика • Бүгін, 07:34

Сөредегі сағаттар

Руханият • Бүгін, 07:17

Күзгі әуен әуеледі

Руханият • Бүгін, 07:16

Алаш дастаны хақында

Руханият • Бүгін, 07:06

Kazakh Tourism Safe Travels белгісін алды

Туризм • Бүгін, 07:00

Түбітсіз терек

Қоғам • Бүгін, 06:56

Он бір ауылға газ жетті

Экономика • Бүгін, 06:29

Мектеп жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 06:27

Малды жаңаша бағатын қожалық

Экономика • Бүгін, 06:25

Қазталов деген аудан бар

Аймақтар • Бүгін, 06:24

Ластанған жерді дронмен табады

Технология • Бүгін, 06:18

Жоспар жақсы, үміт мол

Аймақтар • Бүгін, 06:17

Джокердің күлкісі

Таным • Бүгін, 06:07

Өндірісті өңірдегі оң өзгерістер

Президент • Бүгін, 06:00

Ұқсас жаңалықтар