Парламент • 30 Қазан, 2020

Сенаторлар учаскелік полиция инспекторларының тұрғын үй проблемаларын шешуді ұсынды

13 рет көрсетілді

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде Владимир Волковтың төрағалық етуімен учаскелік инспекторлардың мәртебесін көтеру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту мәселелері талқыланған отырыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жолдауында учаскелік инспекторға басты рөл беру және жергілікті полиция қызметіне жалпы реформа жасаудың уақыты жеткені айтылған болатын. Президент учаскелік инспектор мәртебесін заңды түрде арттыруды, оған нәтижелі жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндіктерді беруді тапсырды.

Отырысқа комитет мүшелері, сондай-ақ Бас прокуратураның, қаржы және ішкі істер министрліктерінің өкілдері, оның ішінде облыстық полиция департаменттерінің жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысты.

Сенаторлар Мемлекет басшысының Жолдауында және ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында айтылған бастамаларына ерекше назар аударды. Андрей Лукин құқық қорғау органдарының қызметкерлерін адамдармен ашық диалог жүргізуге үйрету маңызды екенін атап өтті. Бұл бағыт кадрларды даярлау және іріктеу жүйесінде басым бағыт болуға тиіс. Оның айтуынша, бүгінгі таңда учаскелік полиция инспекторларының тікелей функцияларын орындауға кедергі келтіретін маңызды проблемалар бар.

"Тұрақты сақталатын бос орындар, нормативтен тыс жұмыстарды орындау есебінен учаскелік инспекторлардың жүктемесі ұлғайып келеді. Сонымен қатар кейбір аймақтардағы жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметі көбінесе абаттандыру ережелерін сақтауға, рұқсат етілмеген саудаға жол бермеуге, санитарлық жағдайды қамтамасыз етуге және бюджетті толықтыруға бағытталған. Бұдан басқа, жергілікті полиция қызметінің жұмысын ұйымдастыруда, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда және еңбек жағдайларының болмауында да проблемалар бар. Учаскелік полиция инспекторларының функционалдық міндеттерін сапалы орындауына ұйымдастырушылық проблемалардың көп болуы мүмкіндік бермейді", - деді Андрей Лукин.

Сенаторлар айтылған барлық пікірлер учаскелік инспектордың мәртебесін көтеру туралы заң жобасын әзірлеу кезінде ескеріліп, оған тиімді жұмыс істеу үшін қажетті өкілеттіктер берілетінін атап өтті.

Сондай-ақ депутаттар учаскелік полиция инспекторларының жалақысын ұлғайту және олардың тұрғын үй проблемаларын шешу мәселесін қарауды, сондай-ақ учаскелік полиция пункттерін материалдық-техникалық жабдықтауды нығайту үшін қосымша қаржы бөлуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Сусын төресі – сары қымыз

Руханият • Бүгін, 08:32

Он литр қан тапсырды

Қоғам • Бүгін, 08:31

Қашықтан бақылайтын чек-парақ

Аймақтар • Бүгін, 08:23

Алғысқа бөленген Анаргүл

Аймақтар • Бүгін, 08:06

Қамқор ниет қанат бітіреді

Руханият • Бүгін, 07:52

Бір шымшым топырақ

Қазақстан • Бүгін, 07:52

Төрт жылда жойылған көлік көп

Экономика • Бүгін, 07:36

Машина жасау саласы мүлгіген жоқ

Экономика • Бүгін, 07:34

Сөредегі сағаттар

Руханият • Бүгін, 07:17

Күзгі әуен әуеледі

Руханият • Бүгін, 07:16

Еріктілер қатары еселеп артты

Руханият • Бүгін, 07:14

Алаш дастаны хақында

Руханият • Бүгін, 07:06

Kazakh Tourism Safe Travels белгісін алды

Туризм • Бүгін, 07:00

Түбітсіз терек

Қоғам • Бүгін, 06:56

Ұқсас жаңалықтар