Қоғам • 30 Қазан, 2020

Нәзипа Шанаи: Әр ұлт өкілінің Қазақстанға сіңірген еңбегі көп

53 рет көрсетілді

Біз Ата заңымызда азаматтардың ұлтына, діні мен тіліне қарамастан, партиялық немесе басқаша өзгешелік көзқарасына қарамастан бәріне бірдей құқық бергенбіз. Біздің азаматтарымыздың Қазақстан алдында жауапкершілігі мен құқығы тең. Мысалы Еуропада ұлттың санына қарай бөлшектеп құқық береді. Ал оның қандай жағдайға әкелетінін өзіңіз де бағамдай беріңіз. Егер де Қазақстанда 23% орыс тұратын болса, олардың құқығы 23%, сондай-ақ  0,1% дүнген тұратын болса, онда олардың құқығы мүлдем жоқ болып қалуы мүмкін.

Біз Кеңес дәуірінде интернационализм деген ұғыммен өмір сүрдік. 1990 жылдары әркім өз егемендігін алған уақытта бізге көз тіккен басқа мемлекеттер көп болды. Ал бүгінде бізде сол ұлттардың өкілдері өмір сүруде. "Өзін сыйлаған адам ғана басқаны сыйлай алады" деген ата-бабамыздан қалған жақсы бір сөз бар. Әуелде Елбасының көздегені де осы еді. Сонда Нұрсұлтан Назарбаев ең алдымен қоғамдық ұйымдар құруды тапсырды. Осылайша ең әуелі  қазақ тілі қоғамы құрылды.  Сол уақытта "өз елінде жүріп өз тілінде қоғам құрғаны несі" деп бізге күлгендер болды. Бірақ сол сәтте ең басты қажеттілік сол болған еді.  Кейінірек 1992 жылы ең алғашқы жалпы Дүниежүзілік қазақтарының құрылтайында Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың да ұйымдарын құру туралы қоғамдық шешім қабылданды.

Әр ұлт өзінің тарихын зерделей келе Қазақстанға қалай келгенін білді. Ол уақытта елімізге өз еркімен келген адам өте аз болды. Мысалы тек қана 1937-1944 жылдардың өзінде Кеңес дәуірінің саясатының арқасында Қазақстанға 62 ұлттың өкілі зорлық-зомбылық арқылы көшірілді. Біздің елде білім алып, тарихын оқып, салт-дәстүрін ұлықтаған этномәдени бірлестіктер қазақ жеріне қалай келгендігін және қалай аман қалғандығын бүгінде жақсы біледі. Осылайша, білім арқылы біздің бір-бірімізге деген қарым-қатынасымыз нығая түсті. Бүгінгі таңда этномәдени бірлестіктердің алдында ортақ Отанына қызмет ету туралы бір ғана мақсат бар.

Мен 11 жыл Ассамблея хатшылығында қызмет еттім. Біз өзіміздің "Қазақтану", "Асар", "Тайқазан" сынды жобаларымыз арқылы олардың ұлт екенін сездіру үшін және де үйлестіру үшін біраз жұмыс істедік.  Бүгінде оларды жеке көрсетудің қажеті жоқ. Әр ұлт өкілінің Қазақстанға сіңірген еңбегі көп. Қазір арамызда өзге ұлт өкілдері арасында қаншама білікті дәрігерлер, тәжірибелі инженерлер және тағысын тағы мықты мамандар бар. Біз олардың  басқа ұлттың азаматы екенін фамилиясынан ғана аңғарып жатамыз. Ал турасына келгенде оның әрбірі Қазақстанның азаматы екенін ұмытпауымыз керек. Бүгінде олар тәуелсіз Қазақстанның іргесін бізбен бірге қалап келе жатыр.

Қазақтың мәдениеті, өзін-өзі ұстауы, қазақтың парасаты қандай болатын болса, айналамыздағы ұлт та дәл солай болады. Біз Қазақстан Республикасының ұлттық саясатын қалай бағыттайтын болсақ, онда олардың да мақсат-міндеті бірдей. Өзге ұлт өкілдері өз әнін, биін, тілін үйренуі жалпы халықаралық деңгейде бар құқық. Біз оларға сол мүмкіндікті көл-көсір етіп бердік. Олардың арасында толық қазақша сайрап жүрген азаматтар да кездеседі. Біз 30 жылдың ішінде сол деңгейге жеттік, демек мақсат орындалды.

 

Нәзипа ШАНАИ,

Ассамблея хатшылығының бұрынғы сектор меңгерушісі 

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Сусын төресі – сары қымыз

Руханият • Бүгін, 08:32

Он литр қан тапсырды

Қоғам • Бүгін, 08:31

Қашықтан бақылайтын чек-парақ

Аймақтар • Бүгін, 08:23

Алғысқа бөленген Анаргүл

Аймақтар • Бүгін, 08:06

Қамқор ниет қанат бітіреді

Руханият • Бүгін, 07:52

Бір шымшым топырақ

Қазақстан • Бүгін, 07:52

Төрт жылда жойылған көлік көп

Экономика • Бүгін, 07:36

Машина жасау саласы мүлгіген жоқ

Экономика • Бүгін, 07:34

Сөредегі сағаттар

Руханият • Бүгін, 07:17

Күзгі әуен әуеледі

Руханият • Бүгін, 07:16

Еріктілер қатары еселеп артты

Руханият • Бүгін, 07:14

Алаш дастаны хақында

Руханият • Бүгін, 07:06

Kazakh Tourism Safe Travels белгісін алды

Туризм • Бүгін, 07:00

Түбітсіз терек

Қоғам • Бүгін, 06:56

Ұқсас жаңалықтар