Парламент • 30 Қазан, 2020

Сенаторлар азаматтардың өндірістік кәсіпорындардағы қауіпсіздігіне алаңдап отыр

11 рет көрсетілді

Сенатта Палата Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы болды. Онда Қарағанды облысындағы аймақтық азаматтық қорғаныс жүйесінің мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онлайн режимде өткен кездесуге төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.

Депутаттарға Қарағанды облысындағы 394 зауыттағы 36 862 қауіпті өндірісте пайдаланылып отырған өнеркәсіп қауіпсіздігі мен техникалық құрылғылардың жағдайы ұдайы қадағалауда екені айтылды. Төтенше жағдайлар департаменті 2020 жылдың 8 айында 132 тексеру жүргізіп, өндірістік қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері анықталды.

Биылғы жылы елімізде 8919 төтенше жағдай болды және онда 15 мыңнан астам адам зардап шекті. Сарапшылардың пікірі бойынша 7 797 төтенше жағдай техногендік сипатта – олар өндірістік апаттар, өрттер мен жарылыстар болып отыр.

Асқар Шәкіров техногендік және табиғи апаттарға қарсы іс-қимыл – бұл елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіздігіне бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық бөлігі екенін атап өтті.

"Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау тәсілін қайта қарау қажет. Ол осы проблемаларға нақты талдау жасауға, жағдайдың дамуын болжауға және алда тұрған міндеттерді кешенді шешуге негізделуі керек", - деді Сенат Төрағасының орынбасары.

Кездесу қорытындысы бойынша Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында барлық азаматтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылу қажеттігін атап өткенін еске салды, өйткені уақыт талабы бізді үнемі дамуға, жетілдіруге әрі күшейе түсуге ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Сусын төресі – сары қымыз

Руханият • Бүгін, 08:32

Он литр қан тапсырды

Қоғам • Бүгін, 08:31

Қашықтан бақылайтын чек-парақ

Аймақтар • Бүгін, 08:23

Алғысқа бөленген Анаргүл

Аймақтар • Бүгін, 08:06

Қамқор ниет қанат бітіреді

Руханият • Бүгін, 07:52

Бір шымшым топырақ

Қазақстан • Бүгін, 07:52

Төрт жылда жойылған көлік көп

Экономика • Бүгін, 07:36

Машина жасау саласы мүлгіген жоқ

Экономика • Бүгін, 07:34

Сөредегі сағаттар

Руханият • Бүгін, 07:17

Күзгі әуен әуеледі

Руханият • Бүгін, 07:16

Еріктілер қатары еселеп артты

Руханият • Бүгін, 07:14

Алаш дастаны хақында

Руханият • Бүгін, 07:06

Kazakh Tourism Safe Travels белгісін алды

Туризм • Бүгін, 07:00

Түбітсіз терек

Қоғам • Бүгін, 06:56

Ұқсас жаңалықтар