Кино • 30 Қазан, 2020

Демалыста көруге болатын қазақстандық фильмдер

30 рет көрсетілді

"Qadam.asia" қазақстандық фильмдерді іріктеп, демалыста көруге болатын TOП-5 картинаны ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Көзімнің қарасы" (1994) – реж.: Сатыбалды Нарымбетов

Картина бала кезінде отбасы қиындықтарын бастан кешкен жас аккордеоншының өмірін арқау етеді. Фильмнің бас кейіпкері баланың өзі емес, жанын жаралаған сезімдері деп айтуға да болады. Өмірдің қатал шындығымен бетпе-бет келген ол тұңғыш рет қасірет пен қайғыны, адамдардың болмысын, алғашқы махаббатты сезінеді. 

Оқиға Түркістан облысындағы соғыстан кейінгі кен орындары орналасқан ауылда өтеді. Енді есін жиып келе жатқан халық әлі де еңсесін көтермеген. Оның әкесі аш-жалаңаш жапон әскери тұтқындарын үйіне шақырып, тамақтандырғаны үшін екі жылға сотталып кетеді.

14"Сталинге сыйлық" (2008) – реж.: Рүстем Әбдіраш

1949 жылы Сталиннің жетпіс жасы атап өтіледі. "Ұлы көсемнің" мерейтойына бүкіл одақтас елдердің балалары сыйлық арнап жатады. Ең үздік сыйлық Сталиннің туған күнінде анықталады. 

Соғыстан кейінгі жылдары еврей тұтқындары қазақ даласына жер аударылады. Жетім қалған Саша да атасымен бірге Қазақстанға жер аударылғандардың қатарында. Бірақ, жолда атасы қайтыс болып, оны теміржолда істейтін Қасым есімді қария асырап алады. 

Қасым ақсақалдың әйелі мен балалары отызыншы жылдардағы аштықта қайтыс болған. Өзі соғыс ардагері. Қария Сашаға Сабыр деген есім қояды. Сабыр ата-анасының қайтыс болғанын білмейді, тірі деп ойлайды. Қазақ даласының меңіреу жазығында орналасқан бұлардың ауылында жер аударылғандар көп еді. 

36"Тюльпан" (2008) – реж.: Сергей Дворцевой

Қазақстан атынан Оскар сыйлығына қатысқан "Тюльпан" картинасы Канн фестивалінің «Ерекше көзқарас» номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп алған. 

Фильм Бетпақдалада 4 жыл бойы түсіріліпті. 

456""Анаға апарар жол" (2016) – Ақан Сатаев

Фильмде қазақ халқының күрделі тарихи кезеңдері қамтылған. Картинада ұжымдастыру, ашаршылық, Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі Қазақстанның қиын кезеңдері сипатталады. 

"Анаға апарар жол" картинасының негізгі сюжеті – ана мен бала махаббатының қуаты. Тағдырдың тәлкегіне түскен Ілияс Отанынан жырақтайды. Ол шетелде жүріп балалар үйінде тәрбиеленеді, сұрапыл соғысқа қатысады. Соғыстан оралғанда тұтқынға түсіп, лагерьге айдалады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған еліне оралып, анасымен қауышу мақсаты күш береді.

Кинофильм Қазақстанда, Әзірбайжанда, Ресейде, Белорусияда түсірілген. Түсірілім жұмыстарына бас аяғы 2000 адам қатысып, 300 әскери техника тартылған.

123""Тұлғалық өсу тренингі" (2018) – реж.: Фархат Шарипов

Фильм сюжеті қарапайым банк қызметкері Қанаттың жан дүниесіндегі дағдарысқа құрылған. 

Қырыққа кеп қалған ол армандауды ұмытқан адам. Тіпті, өмірінде ешқандай мағына қалмаған. Бірақ, бәрі жолы болғыш Даниктің пайда болуымен өзгереді.

Фархат Шариповтың бұл картинасы халықаралық Мәскеу кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алған. 

 

Соңғы жаңалықтар

Қап тауындағы тұтқын

Қазақстан • Кеше

Қолды болған гараж

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар