Аймақтар • 30 Қазан, 2020

Атырауда Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандар марапатталды

106 рет көрсетілді

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардабын жоюға қатысқан атыраулық бір топ азамат марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильиннің бұйырғымен оларға "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісі берілді. Төсбелгіні облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов тапсырды.   

Марапатталғандар қатарында апатты жою кезінде жанқиярлық қимыл көрсеткен Рысбай Ахметов, Петр Бакиров, Мақсұт Бекбергенов, Серік Мырзағалиев, Қапизолла Мусин, Серік Сүлейменов, Хасан Қараманов бар.

Енді Атырауда Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысушыларға арналған ескерткішті орнату жоспарланып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Қап тауындағы тұтқын

Қазақстан • Кеше

Қолды болған гараж

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар