Аймақтар • 30 Қазан, 2020

Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Торайғыров университетінде болды

31 рет көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Торайғыров университетінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кешенді таныстыру экскурсиясы студенттерге қызмет көрсету орталығынан басталды. Бұл жерде «бір терезе» принципі бойынша оқу-білім беру үрдісі үшін қызметтер көрсетіледі. Студенттер жатақхана орнын ресімдеп, жеңілдіктерді алу мақсатында көмекке жүгінеді. Орталықтандырылған жұмыстың арқасында уақыт үнемделеді.

Студенттік конструкторлық бюрода мейманға интерьердің сәулеттік жобалауы және дизайнын жүзеге асыру идеялары паш етілді. Кейін Алик Жатқамбайұлы оқу орнының  жағдаяттық орталығының жұмысымен танысты. Бұдан кейін Алик Шпекбаевтың назарына ғылыми жобалар мен бизнес-идеялар ұсынылды. Нақтырақ айтқанда, тримарандар, органикалық косметика және вирусқа қарсы құралдар өндірісі, антисептиктер мен сұйық сабын қайнату, креативті жиһаз жинау және соғылған бұйымдарды жасау цехтарының жұмысымен танысты.

Жұмыс сапары университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен өткен кездесуге ұласты. Алик Шпекбаев басқарудың коммерциялық емес формасына көшкен оқу орны енді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын атап өтті. Бұл аймақ пен университетке аса тиімді.

«Мұнда «Қарапайым заттар экономикасы» бағытындағы қажетті жобалар шоғырланған. Студенттер өздерінің идеяларын жүзеге асыра алады, демек, жастардың танымы өзгеріп келеді. Бүгінде қоғам Агенттіктің қызметімен таныс болуы керек. Мекеменің жұмысын Мемлекет басшысы бақылайды. Бұған дейін жемқорлықтың салдарымен күрессек, енді біздің мақсатымыз - алдын алу және тәрбиелік сипаттағы жұмыстарды қолға алу», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Сусын төресі – сары қымыз

Руханият • Бүгін, 08:32

Он литр қан тапсырды

Қоғам • Бүгін, 08:31

Қашықтан бақылайтын чек-парақ

Аймақтар • Бүгін, 08:23

Алғысқа бөленген Анаргүл

Аймақтар • Бүгін, 08:06

Қамқор ниет қанат бітіреді

Руханият • Бүгін, 07:52

Бір шымшым топырақ

Қазақстан • Бүгін, 07:52

Төрт жылда жойылған көлік көп

Экономика • Бүгін, 07:36

Машина жасау саласы мүлгіген жоқ

Экономика • Бүгін, 07:34

Сөредегі сағаттар

Руханият • Бүгін, 07:17

Күзгі әуен әуеледі

Руханият • Бүгін, 07:16

Еріктілер қатары еселеп артты

Руханият • Бүгін, 07:14

Алаш дастаны хақында

Руханият • Бүгін, 07:06

Kazakh Tourism Safe Travels белгісін алды

Туризм • Бүгін, 07:00

Түбітсіз терек

Қоғам • Бүгін, 06:56

Ұқсас жаңалықтар