Спорт • 30 Қазан, 2020

Astana Open турнирінің алғашқы жартылай финалисті белгілі болды

25 рет көрсетілді

Astana Open турнирінің алғашқы жартылай финалисті АҚШ өкілі Фрэнсис Тиафо

Егор Герасимов (Беларусь) – Фрэнсис Тиафо  (АҚШ) болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Беларусияның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 83-сатыда орналасқан Егор Герасимов Astana Open чемпионатының әр-бір матчында тамаша ойын өрнегімен көзге түскен спортшы. Оның Ирди Веселді тізе бүктірген кездесудегі шеберлігіне таң қалмаған жан жоқ. Бірақ оның ширек финалдағы қарсыласы, АҚШ-тан келген  әлемнің 64-ракеткасы Фрэнсис Тиафо оңай берілетін спортшы емес. Қателікке бой алдырмайтын, әр матчта қарсыласын тығырыққа тіреуге тырысатын шебер теннисші.  

Бірінші геймнен екі жақ шабуылға толы ойын көрсетті. Герасимов допты ойынға қосуда әлеуетін арттырып, ойын жылдамдығын арттыруға тырысты. Ал Тиафо қысқа қайырма соққыларымен қарсыласын қапы қалдырды. Екі теннисші де допты ойынға қосуда қателескен жоқ. Сондықтан партия тай брейкпен жалғасып, қысқа есеппен америкалық жеңіске жетті.

Бірінші сетте жеңіліс тапқан Герасимов екінші партияның басында қоғалысын үдетіп, брейк иеленді. Тиафу өз кезегінде есеп айырмасын қысқартқысы келді. Алайда геймде ұтылыс тауып, беларус спортшысына кезекті партияда жеңісті беріп қойды.  Егор Герасимовтың жүйкесі сыр берді ме, осы геймнің бірінші сетболында қатарынан екі қателік жасап, сетті тек үшінші әрекетінде алды.

Шешуші сәтте екі ойыншы да бабында болды. Фрэнсис Тиафоның соққылары Егор Герасимовты әбден састырды. Беларусь өкілі уақыт өте доптың бағытын дәл тауып отырды, тіпті допты ойынға қосқан сәттен тордың жанында ойнады. Тиафоның допты ойынға қосу әдістері де сәтті шыққанын айту керек. Доп жылдамдығы сағатына 217 км дейін жетті.  Бірақ кезекті допты ойынға қосуда ол қателесіп, гейм қарсыласының есебіне жазылды. Алайда қателігінен сабақ алған АҚШ өкілі брейкке қол жеткізіп, алға ұмтылды. Ал Герасимов таблодағы көрсеткіш 5:6 болған сәтте мүлт кетіп, қолда тұрған жеңісті уысынан шығарып алды. Қысқа есеппен бұл матчта  Фрэнсис Тиафоның бағы жанды. Есеп:  7:6 (7:5), 5:7, 7:5.

Михаил Кукушкиннің ширек финалдағы бүгінгі қарсыласы бір күн бұрын үш сетте австралиялық  Джордан Томпсоннан басым болған  Эмиль Руусувуори.

Aлғаш рет өтіп жатқан  ATP 250 турнирінің жалпы жүлде қоры 275 мың доллар. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс жанкүйерсіз өтіп жатыр, Матчтардың барлық трансляциясы QAZSPORT арнасы арқылы таратылады.

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Сусын төресі – сары қымыз

Руханият • Бүгін, 08:32

Он литр қан тапсырды

Қоғам • Бүгін, 08:31

Қашықтан бақылайтын чек-парақ

Аймақтар • Бүгін, 08:23

Алғысқа бөленген Анаргүл

Аймақтар • Бүгін, 08:06

Қамқор ниет қанат бітіреді

Руханият • Бүгін, 07:52

Бір шымшым топырақ

Қазақстан • Бүгін, 07:52

Төрт жылда жойылған көлік көп

Экономика • Бүгін, 07:36

Машина жасау саласы мүлгіген жоқ

Экономика • Бүгін, 07:34

Сөредегі сағаттар

Руханият • Бүгін, 07:17

Күзгі әуен әуеледі

Руханият • Бүгін, 07:16

Еріктілер қатары еселеп артты

Руханият • Бүгін, 07:14

Алаш дастаны хақында

Руханият • Бүгін, 07:06

Kazakh Tourism Safe Travels белгісін алды

Туризм • Бүгін, 07:00

Түбітсіз терек

Қоғам • Бүгін, 06:56

Ұқсас жаңалықтар