Аймақтар • 31 Қазан, 2020

Атырауда үйдегі өрттен бес бала құтқарылды

78 рет көрсетілді

Кеше, 30 қазанда  сағат 14:32-де Атырау қаласының А.Құнанбаев көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің пәтері өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Департаменттің диспетчерлік пультіне 5 қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен түтін шығып жатқаны жөнінде хабар түсті.

Құтқарушылар оқиға орнынан келген кезде пәтердің кіреберісінде тоңазытқыш пен тұрмыстық заттар өртеніп жатты. Өрт сөндірушілер  тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан1 ересек адам мен 5 баланы құтқарды", деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті департаменттің 15 қызметкері 4 техникамен сағат 14:51-де толықтай сөндірді.

 

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 08:04

Ұқсас жаңалықтар