Абай • 31 Қазан, 2020

Будапештте "Абай Орталығы" ашылды

48 рет көрсетілді

Қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде "Абай орталығының" ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға Мажарстанның көрнекті қоғам қайраткерлері, қазақ диаспорасының өкілдері, сол елдегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетін оқып жатқан және қазақ мәдениетіне қызығушылық танытқан мажар студенттері қатысты.

Лро

Елші Жәнібек Әбдрашов өзінің алғы сөзінде Орталықты ашудың мақсаты қазақ мәдениетін, өнері мен әдебиетін насихаттау, сондай-ақ қазақ диаспорасы өкілдері мен мажар студенттеріне қазақ тілі мен әдебиетін, сонымен бірге оларды ұлттық музыкалық аспаптарда оқытуда көмек көрсету болып табылатынын атап өтті.

Іс-шара барысында студент жастардың өкілдері Абайдың өлеңдері мен әндерін, сондай-ақ "Қара сөздерінен" үзінділерді қазақ және мажар тілдерінде оқыды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Ұқсас жаңалықтар