Аймақтар • 31 Қазан, 2020

Атырауда табиғат пайдаланушылардан 224 млн теңге айыппұл өндірілді

134 рет көрсетілді

Биылғы 9 айда табиғат пайдаланушылардан өндірілген айыппұл 224 млн теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары – бас мемлекеттік экологиялық инспектор Сырым Тілегеновтің мәліметіне қарағанда, осы кезеңде табиғат пайдаланушыларға 46 мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізіліпті. Оның 11-і – профилактикалық бақылау, 35-і – жоспардан тыс тексеру.

"Тексеру нәтижесінде 130 бұзушылық анықталып, оны жою туралы 85 ұйғарым берілді. Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты 88 миллион 422 мың теңгені құрайтын 54 әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдың 88 миллион 299 мың теңгесі өндірілді", деді Сырым Тілегенов.

Бұған қоса былтыр салынған 136 миллион 339 мың теңгені құрайтын 5 әкімшілік айыппұл өндіріліп отыр. Осының бәрі қоса есептегенде, биылғы 9 айда мемлекет пайдасына өндірілген айыппұлдың көлемі 224 миллион 638 мың теңгеге жетті.

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 08:04

Ұқсас жаңалықтар