Әлем • 31 Қазан, 2020

Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны өсіп келеді

55 рет көрсетілді

Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны 25-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz АА.com сайтына сілтеме жасап.

"Измир қаласында 743 тұрғын зардап шекті, бесеуі Маниса провинциясында, екеуі Балыкесирде және Айдын провинциясында 54 адам, барлығы 804 адам", делінген хабарламада.

Қираған 17 тұрғын үйдің сегізінде іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Түркияның батысында жұма күні жергілікті уақыт бойынша 14.51-де 6,6 баллдық жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізінде Измир провинциясының Сеферхисар ауданының жағалауында болған. Жер сілкінісінің ошағы 16,5 км тереңдікте орналасқан.

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 08:04

Ұқсас жаңалықтар