Аймақтар • 31 Қазан, 2020

Шығыста той тойлау үшін үй жалдауға тыйым салынды

92 рет көрсетілді

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар күн сайын артып келеді. Осы уақытта КВИ-ға шалдыққандар саны Шығыста 9798-ге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қиын сәтте халыққа той-томалақты, бас қосуларды доғара тұрғандары жөн. Осыған орай облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері "тұрғындарға корпоративті, салтанатты, отбасылық және басқа да іс-шараларды өткізуге жеке үй мен ғимараттарды жалға алуға тыйым салынады", дейді жаңа қаулысында.

Ал талаптардың орындалу-орындалмауын құзырлы органдар қатаң қадағалайтын болады.

 

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 08:04

Жасанды интеллект жәрдемі

Технология • Бүгін, 07:58

Ұқсас жаңалықтар