Қоғам • 31 Қазан, 2020

"Жайдарманшылар" жазасын өтеп жатқан жасөспірімдерге күлкі сыйлады

72 рет көрсетілді

Алматы қаласындағы республика бойынша жалғыз балалар колониясында жылдың қай мезгілінде болмасын көңілді шаралар жиі өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солардың ішінде балалардың асыға күтетін қонақтары – көңілді тапқырлар командасы. Жазасын өтеуші жасөспірімдерді әзіл-қалжыңға қарық қылатын "әзілкештер" мұнда жыл сайын келіп тұрады. Әсіресе Алматы қаласындағы колледж студенттерінен құралған командалармен сотты болған балалардың өздері де жарысқа түсіп, небір күлкіге толы көріністер даярлайтын болған.

Биыл еліміз бойынша жарияланған карантинге байланысты студенттер онлайн оқығандықтан, істі болған балалар "КТК"-ға қатыса алмады. Есесіне биыл балалар колониясына Алматы қаласының "Жайдарман" командасының жетекшісі Ердос Оралбеков бастаған әзілкештердің өздері келіп, өнер көрсетті.

"Балалар колониясынан келген ұсынысты біз қуана қабыл алдық. Өйткені "жерде бір бала қуанса, көкте жеті періште қуанады" деген сөздің маңызын жақсы түсінеміз", дейді "Жайдарманның" жетекшісі.

Колониядағы балалар "Жайдарманның" құрамындағы "ҚазАТК" және "Энерго" жастарының өнерін қызыға тамашалады. "Энерго" командасы былтыр Алматы қаласы бойынша "Супер лига чемпионы" болса, "ҚазАТК" командасы "Студент лайф чемпионы" атанды.

Ойын барысында студенттік өмірдің түрлі қызықтарын көрсеткен әзілкештердің өнеріне балалар дән ризашылығын білдірді.

Әзілге спорт, әскер тақырыптары да арқау болды.

Күлкі кешінің соңында ЛА-155/6 түзеу мекемесі бастығының орынбасары, әділет майоры Мақсат Әлімжанов "Жайдарман" командаларына алғыс айтып, әзіл әлемінде жетістікке жете берулеріне тілектестік білдірді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 08:04

Жасанды интеллект жәрдемі

Технология • Бүгін, 07:58

Аң-құсқа да қамқорлық қажет

Оқиға • Бүгін, 07:55

Жаңа аудандағы жасампаз іс

Аймақтар • Бүгін, 07:53

Ұқсас жаңалықтар