Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Атырауда Абайдың 175 жылдығына арналған айтыс басталды

72 рет көрсетілді

Абайдың 175 жылдығына орай «Қалың елім, қазағым...» атты республикалық ақындар айтысы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өтіп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz

Айтысты өткізуге облыс әкімдігі қолдау білдіріп отыр. Ал ұйымдастырушы – Қазақстан Жазушылар Одағының өңірлік филиалы. Директор Қойшығұл Жылқышиевтың мәліметінше, айтысқа 24 ақын өзара сынға түсуде.

Ақындардың өнеріне КСРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов жетекшілік ететін қалзылар алқасы баға береді.   

Республикалық айтыс ертең аяқталады.

Соңғы жаңалықтар

Жаяуға да жаза бар

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар