Елорда • 20 Қараша, 2020

Елордалықтар карантин режімін бұзған мекемеге шағымданды

6 рет көрсетілді

Нұр-Сұлтанда полиция, еріктілер мен әкімдік өкілдерінен құралған мобильді топтар рейдтері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Есіл ауданында түнгі аралау кезінде тыйым салынған уақытта жұмыс істейтін бірқатар мекемелер анықталды. Кейбір барлар мен мейрамханаларға тұрғындардың өздері шағымданады.

Сонымен, сағат 01.54-те түнде жұмысын жалғастырып жатқан "Баритон" караоке-клубы туралы Нұр-Сұлтан ПД жедел басқару орталығының 102 пультіне шағым түсті.

"Оқиға орнына жеткен полиция ТЖД-нің көмегімен иелері ішінен жауып алған ойын-сауық мекемесінің есігін ашты, олар бұзушылықтар үшін жазадан жалтарғылары келген. 24 адамнан тұратын әкімшілік пен клиенттер қосымша тергеу жүргізу үшін Нұр-Сұлтан ПД Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді", деп хабарлады полицияда.

Тексеру нәтижелері бойынша түнгі тыныштықты бұзғаны үшін 15 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Кейбір адамдар қоғамдық орындарға, оның ішінде монша, караоке-барларға барады. Туған күн немесе басқа да атаулы күндерде отыздан астам адам жиналып, кездесулер, үйлену тойлары, мерекелер өткізіп, өздері мен жақындарының денсаулығына қауіп төндіреді. Қазіргі уақытта мобильді топтардың жұмысының арқасында бұзушылықтардың салыстырмалы түрде төмендеуі байқалады. Қоғамдық тамақтану пункттері 9:00-ден 22:00-ге дейін, азық-түлік дүкендері 23:00-ге дейін, сауналар мен моншалар 21:00-ге дейін жұмыс істеуі керек", деді Алматы ауданы санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасы маманы Гүлмира Нұрбекқызы.

Еске салайық, елордадағы санитарлық-эпидемиялық қадағалау департаментінің мәліметі бойынша 500 миллион теңгеге кәсіпкерлік субъектілері  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар

Жаяуға да жаза бар

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар