Әлем • 21 Қараша, 2020

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жаңа рекорд тіркелді

11 рет көрсетілді

Өткен тәулікте Ресейде коронавирус жұқтырған 24 822 адам анықталды. Инфекциямен күрес бойынша жедел штабтың мәліметінше, бұл - жаңа рекорд, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір тәулікте коронавирустан 467 адам қайтыс болған. Тағы 26 021 адам аурудан айықты.

Жаңа жағдайлар Ресейдің 85 өңірінде тіркелген. Науқастардың төрттен бір бөлігінде (5816 адамда) ауру ешқандай белгісіз өтіп жатыр.

Науқастар саны бойынша бірінші орында - Мәскеу, 7168 адам. Екінші орында - Петербург, 2476 адам. Подмосковьеде - 916 адам анықталған. Ресей бойынша науқастардың жалпы саны - 2 064 748.

Соңғы жаңалықтар

Жаяуға да жаза бар

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар